Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 102-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 23-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Н. Нұржігітов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 137-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйымның ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйымның ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 102-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Су Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және су қорын қоғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымының (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) суармалы жерлерді мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде қызметті жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымдарға қолданылады.
2-тарау. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйымның ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі
3. Ведомстволық бағынысты ұйым суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде мынадай ақылы қызмет түрлерін көрсетеді:
1) суармалы жерлерге топырақ-мелиорациялық және тұздық түсірілімін жүргізу;
2) ыза суларының деңгейіне гидрорежимдік бақылау жүргізу;
3) топырақ пен судың құрамындағы тұздарға талдау жүргізу;
4) жерүсті және жерасты суларына ирригациялық бағалау жүргізу және оларды суару үшін пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу;
5) байқау ұңғымаларын жабдықтау және суға ұңғымаларды бұрғылау.
4. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пенбағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлері Кодекстің 23-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес бекітілген суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Ведомстволық бағынысты ұйым осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – өтініш беруші) жазбаша өтініші негізінде өз қызметіне сәйкес ақылы қызмет түрлерін көрсетеді.
6. Өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдауды ведомстволық бағынысты ұйымның лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.
7. Өтініштер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйымның ақылы қызмет түрлерін көрсету жөніндегі өтінішті есепке алу журналында тіркеледі, өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
8. Журнал тігіледі, нөмірленеді, сондай-ақ бірінші басшының немесе оның алмастырушы тұлғаның қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
9. Ақылы қызмет түрлерін ведомстволық бағынысты ұйым осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг жүргізу және бағалау кезінде ақылы қызмет түрлерін ұсыну жөніндегі шарт негізінде көрсетеді.
10. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг жүргізу және бағалау кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлерінің тізбесі және ұсынылатын қызметтерге тарифтер ведомстволық бағынысты ұйымда көпшілік көре алатын орындарда орналастырылады..
11. Ақылы қызмет түрлері ведомстволық бағынысты ұйымда белгіленген күн тәртібіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын ұсынылады.
12. Ақылы қызмет түрлерін ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесімен және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақтандырылған құжаттарды толтыру үшін орындар құрылады.
13. Өтініш берушілермен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысу ведомстволық бағынысты ұйымның кассасы арқылы фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып және бақылау-касса машинасының чегін өтініш берушіге бере отырып, ал қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымның бақылау шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізіледі.
14. Ақылы негізде қызмет алған өтініш берушіге ведомстволық бағынысты ұйым шот-фактураны ұсынады.
15. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйымның ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алынған қаражат ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспарына сәйкес жұмсалады:
1) далалық топырақ-мелиорациялық, зертханалық және гидрогеологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізу;
2) ведомстволық бағынысты ұйымның материалдық-техникалық базасын жарақтандыру үшін көлік құралдарын, кеңсе техникасын, далалық аспаптарды, зертханалық жабдықтар мен тетіктерді сатып алу;
3) тауарлық-материалдық құндылықтарды: жанар-жағармай материалдарын, химиялық реактивтерді, қосалқы бөлшектерді, байланыс құралдарын, еңбекті қорғауды, өрт қауіпсіздігін және гигиенаны қамтамасыз етуге арналған арнайы қорғаныш құралдарын сатып алу;
4) байланыс қызметтеріне, банк қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге, техникалық байқау қызметтеріне, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, мамандандырылған жабдықтарды тексеру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу;
5) далалық топырақ-мелиорациялық және гидрогеологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ведомстволық бағынысты ұйым тартатын штаттан тыс маусымдық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;
6) жерді мониторингілеу және мелиорациялау саласындағы нәтижелердің деректерін автоматты өңдеудің арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуін сатып алу және енгізу;
7) ведомстволық бағынысты ұйымның жұмыс істеуіне байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және объектілерді жөндеу;
8) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапар шығыстары;
9) ведомстволық бағынысты ұйымның қызметкерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеу;
10) ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерін оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау;
11) ғылыми, әдістемелік материалдар мен ресми бюллетеньдерді шығару.
16. Ведомстволық бағынысты ұйым қызметтердің ақылы түрлерін көрсетуден алатын ақшаның түсуі мен жұмсалуын есепке алу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабының 4-тармағына және 131-бабының 7-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
ӨТІНІШ
__________________________________________________________________
бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуіңізді сұраймын.
Өтініш беруші _____________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20__ жылғы "___"_________
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйымның ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйымының ақылы қызмет түрлерін көрсету жөніндегі өтінішті есепке алу журналы
Тіркеу | Қабылдау күні | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе оның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Ақылы қызмет түрлері | Қоса берілген құжаттардың саны мен атауы | Өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйымның ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат
___________________________ ведомстволық бағынысты ұйымы,
___________________________________________ мекенжайы бойынша
орналасқан, __________________ ақылы қызметтер түрлерін көрсету үшін
сіздің өтінішіңізді және тиісті құжаттарды, атап айтқанда:
1)__________________________________________________________________;
2)__________________________________________________________________;
3)__________________________________________________________________;
4)__________________________________________________________________;
5)________________________________________________________ қабылдайды.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бір данадан 2 данада жасалды.
___________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі, қолы)
Телефоны: ___________________________________________________________
Алдым:______________________________________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі немесе оның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20__ жылғы "___"_________
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйымның ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалау жүргізу кезінде ақылы қызмет түрлерін ұсыну жөніндегі шарт
_____________________ _____ жылғы "___"_______
(Орналасқан жері)
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын
_________________________________________________________________,
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-
сәйкестендіру нөмірі жеке басты куәландыратын құжаттардың деректері)
бір тараптан және бұдан әрі Қызмет беруші деп аталатын _________________
(Жарғы, Ереже) негізінде әрекет ететін_________________________________
атынан (ұйымның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) _____________
екінші тараптан (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1. Қызмет беруші _____ жылғы ______ бастап _________ бойынша __________ қызмет түрлерін (________) теңге сомасына ___ бастап ___ дейінгі мерзімде көрсетеді (жазумен).
2. Тапсырыс беруші немесе оның сенімхаты бойынша өкілі, Қызмет берушіге көрсетілген ақылы қызметтер үшін осы Шартта көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде ақы төлеуді жүзеге асырады.
2. Ақы төлеу тәртібі
3. Тапсырыс беруші немесе оның сенімхат бойынша өкілі, Қызмет беруші ұсынған шотқа сәйкес нақты көрсетілген ақылы бойынша Қызмет берушінің қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
4. Тапсырыс беруші немесе оның сенімхаты бойынша өкілі шарт жасалған кезде шарттың жалпы сомасының сексен пайызынан аспайтын мөлшерде Қызмет берушіге аванс төлеуге, қалған соманы – шоттың ұсынылуына қарай, қызмет көрсету аяқталған кезден бастап төлеуге жол беріледі.
5. Егер қызметтердің ақылы түрлерін ұсыну кезінде шартта көзделмеген қызметтердің ақылы негізде қосымша ақылы түрлерін ұсыну талап етілсе, өнім беруші Тапсырыс берушінің не сенімхат бойынша оның өкілінің келісімімен ақылы қызметтің нақты көрсетілген көлемін ескере отырып, шарт сомасына түзету жүргізеді.
6. Қызмет беруші Тапсырыс берушіге немесе оның сенімхаты бойынша өкіліне, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ақы төлеу фактісін растайтын құжатты береді.
7. Қызметті мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, Қызмет беруші Шарттың талаптарын бұзу жағдайларын қоспағанда, Тапсырыс берушіге немесе оның сенімхат бойынша өкіліне, төленген сома мен іс жүзінде көрсетілген қызметтің арасындағы айырмашылықты төлейді.
3. Тараптардың міндеттері
8. Қызмет беруші міндетті:
1) осы Шартта белгіленген мерзімдер мен шарттарға сәйкес жұмыстарды орындауға;
2) Тапсырыс берушіге немесе оның сенімхаты бойынша өкіліне, көрсетілген ақылы қызмет түрлері мен көлемін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабына сәйкес белгіленген мерзімдерде шот-фактура ұсынуға.
9. Тапсырыс беруші міндетті:
1) Шартта белгіленген қызмет көрсету күні басталғанға дейін үш күн бұрын өнім берушіні қызметті немесе қызмет бөлігін алудан бас тарту туралы хабардар етуге;
2) Шартта көрсетілген мерзімдерге сәйкес көрсетілген қызметтер үшін Қызмет берушіге ақы төлеуді жүргізуге.
4. Тараптардың құқықтары
10. Тапсырыс беруші құқылы:
1) Қызмет берушіден жұмыстардың орындалу барысы туралы толық, шынайы және өзекті ақпарат алуға, сондай-ақ аралық есептер мен түсініктемелер беруді талап етуге;
2) Қызмет беруші ұсынған нәтижелерге қатысты дәлелді қарсылықтарды жіберу, оларды пысықтауды және келісілген мерзімде түсіндіруді талап етуге.
11. Қызмет беруші құқылы:
1) Тапсырыс берушіден осы Шарт бойынша қызмет көрсету үшін қажетті толық, шынайы және уақтылы ақпаратты, құжаттарды алуға;
2) тексерілетін учаскелерге, оның ішінде жол жүруге, алып жүруге және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге қол жеткізуге.
5. Тараптардың жауапкершілігі
12. Осы Шартта көзделген міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
13. Тапсырыс беруші іс жүзінде көрсетілген қызметтер үшін қызмет берушіге шығындарды уақтылы өтемегені үшін жауапты болады.
14. Тараптар осы Шарт шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.
6. Форс-мажор
15. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапты болмайды.
16. Егер Шарттың орындалуын кешіктіру форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болып табылса, Қызмет беруші тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе Шарттың талаптарының орындалмауына байланысты оны бұзуға жауапты болмайды.
17. Шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына жатпайтын және күтпеген сипаттағы (әскери іс-қимылдар, табиғи немесе дүлей зілзалалар) оқиғаны білдіреді.
18. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Қызмет беруші екі күн ішінде Тапсырыс берушіге немесе оның сенімхаты бойынша өкіліне, осындай мән-жайларды және олардың себептері туралы жазбаша хабарламаны дереу жіберуге тиіс.
Егер Тапсырыс берушіден немесе оның сенімхаты бойынша өкілінен басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Қызмет беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық мән-жайларға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздеуді жүргізеді.
7. Шартты өзгерту және бұзу
19. Осы Шарттың талаптары тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
20. Шартты мерзімінен бұрын бұзу ниеті туралы тараптар үш жұмыс күн ішінде бір-бірін хабардар етуге міндетті.
21. Осы Шартты бұзуға тараптардың келісімі немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша сот шешімімен жол беріледі.
8. Қорытынды ережелер
22. Тараптардың ешқайсысының осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін Тараптардың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
23. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылуын қоспағанда, осы Шарт бойынша тараптардың барлық міндеттемелері орындалған кезге дейін қолданылады.
24. Бірдей заңды күші бар осы Шарт екі данада жасалды, бір данасы Тапсырыс берушіде немесе оның сенімхаты бойынша өкілінде екіншісі Қызмет берушіде болады.
Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қағаз және электрондық түрде жасалуы мүмкін.
25. Тапсырыс беруші мен Қызмет беруші арасындағы осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.
26. Осы Шартта көзделмеген барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.
9. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
Қызмет беруші: Тапсырыс беруші: _________________ _______________