"Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 50 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 198 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 50 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 207541 болып тіркелген) келесідей толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 3 қосымшаға сәйкес бекітілген "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:

      15-тармақ келесідей мазмұндағы 100-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "100-1) мониторинг деректерін жинауды, өңдеуді, сақтауды және уәкілетті органдарға және ақпараттық жүйелерге беруді қамтамасыз етеді; жер асты суларының ағымдағы жай-күйін талдауға және бағалауға, оның ішінде өзгерістерді болжауға қатысады; табиғи ресурстарды пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер асты суларын қорғау талаптарын сақтауын бақылайды; жер асты суларын пайдаланатын объектілерге лицензияның болуына, ұңғымалардың техникалық жай-күйіне, алу көлемдеріне және суды пайдалану шарттарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді; жер асты суларын қорғау мәселелері бойынша геологиялық, табиғатты қорғау және санитарлық органдармен, сондай-ақ ғылыми мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды; экологиялық қауіпсіздікке қатер немесе бұзушылықтар анықталған кезде ұңғымаларды пайдалануды тоқтату, шектеу немесе тоқтату бойынша ұсыныстар дайындайды; жер асты суларын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлеуге және бекітуге қатысады; уәкiлеттi органдар мен жұртшылықты өзiнiң құзыретi аймағындағы жер асты суларының жай-күйi мен пайдалану режимi туралы хабардар етудi қамтамасыз етедi.".

      2."Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1)осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2)осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады