Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 207401 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1 қосымшаға сәйкес бекітілген "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
9-тармақтағы "130001" деген сөз "130000" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 2 қосымшаға сәйкес бекітілген "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
9-тармақтағы "130001" деген сөз "130000" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 3 қосымшаға сәйкес бекітілген "Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
9-тармақтағы "130001" деген сөз "130000" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 4 қосымшаға сәйкес бекітілген "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
9-тармақтағы "130001" деген сөз "130000" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 6 қосымшаға сәйкес бекітілген "Маңғыстау облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
9-тармақтағы "130001" деген сөз "130000" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 7 қосымшаға сәйкес бекітілген "Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
9-тармақтағы "130001" деген сөз "130000" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 8 қосымшаға сәйкес бекітілген "Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
9-тармақтағы "130001" деген сөз "130000" деген сөзбен ауыстырылсын;
13-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
"13. Мақсаттары:
1) мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру, үйлестіру және іске асыру жолымен балық шаруашылығының орнықты дамуы үшін Басқармаға жүктелген өкілеттік шеңберінде балық ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) балық шаруашылығы саласындағы ұйымдарға өндірістік базаны дамыту, жаңа технологияларды және инновациялық жобаларды енгізу жөнінде мемлекеттік қолдау көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мақсаттар.";
15-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
"15. Функциялары:
1) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекітуді ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық ресурстарын пайдаланушыларға бекітіп береді және балық шаруашылығының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
4) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
5) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су айдындарын қоспағанда, резервтік қордағы балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
6) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
7) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу бойынша шараларды қабылдайды;
8) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу бойынша шараларды қабылдайды;
9) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар (балық) түрін қоспағанда, балық ресурстарын пайдалануға рұқсат береді;
10) облыс аумағында балық ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
11) резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады;
12) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтейді;
13) акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар береді;
14) балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялауды жүзеге асырады;
15) балық шаруашылығы субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асырады;
16) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімінің облыстық консультациялық – кеңесші, үйлестіру және алқалы органдарының жұмысына қатысады;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.";
көрсетілген қаулыға 9 қосымшаға сәйкес бекітілген "Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 19а шағын аудан, № 1/3 ғимарат, пошталық индексі 130000.";
көрсетілген қаулыға 10 қосымшаға сәйкес бекітілген "Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулыға 11 қосымшаға сәйкес бекітілген "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
9-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, № 1 ғимарат, пошталық индексі 130000.";
15-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
"15. Функциялары:
1) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
2) өз құзыретi шегiнде ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
3) Маңғыстау облысы аумағында сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
4) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
5) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;
6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін мөлшерін бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
8) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын, жанар жағармай материалдарын беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газы, жанар жағармай материалдары айналымына бақылауды жүзеге асырады;
10) өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газының, жанар жағармай материалдарының көлемдерін бөлуді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;
11) сұйытылған мұнай газының, жанар жағармай материалдарының көлемдерін бөлу жөніндегі комиссияларды құру бойынша шаралар қабылдайды;
12) сұйытылған мұнай газының, жанар жағармай материалдарының көлемдерін бөлу жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
13) облыстың алдағы тоқсанға сұйытылған мұнай газына, жанар жағармай материалдарына деген қажеттілігін айларға бөле отырып, уәкілетті органға тоқсан сайын береді;
14) уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын, жанар жағармай материалдарын тұтыну болжамын ұсынады;
15) уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын, жанар жағармай материалдарын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;
16) облыс әкімдігіне тауарлық және сұйытылған мұнай газын, жанар жағармай материалдарын тұтыну нормаларын бекітуге ұсынады;
17) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат беру рәсімдерін, хабарламалар қабылдауды;
18) реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізуді;
19) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептер ұсынуды;
20) Бірыңғай есеп беру күнін ұйымдастыру мен өткізу;
21) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;
22) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
23) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізеді;
24) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және соған жауапты болады;
25) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
26) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
27) сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастырады;
28) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
29) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
30) электрондық сауданы дамыту бойынша шараларды жүзеге асырады;
31) шекарааралық сауданы дамыту;
32) ішкі сауда желілерін дамыту;
33) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
34) агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;
35) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;
36) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.";
2. "Маңғыстау облысының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің аппараты басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
| Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы "26" наурыздағы № 81 қаулысына қосымша | |
| Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы "19" ақпандағы № 57 қаулысына 10 қосымша |
"Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Маңғыстау облысының аумағында цифрлық технологияларды дамыту, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, № 1 ғимарат, пошталық индексі 130000.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) Маңғыстауоблысы аумағында цифрлық технологияларды дамыту, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың және ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету;
3) уақтылы және коммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу үшін жағдай жасау, экономиканың негізгі салаларында цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
4) Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс қабілеттілігін және дамуын қамтамасыз ету;
5) тәуекелдерді бағалауды жүргізу, аумақтың профилін қалыптастыру, қолданыстағы инфрақұрылымды бағалау, "Ақылды қала" жобасының даму көрсеткіштерін анықтау, "Ақылды қала" жобасының жүйелік құраушы компоненттерінің дамуын облыстың жергілікті атқарушы органдары арасында үйлестіру, бірыңғай тәсілді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, "Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
6) цифрландыру, ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы уәкілетті органдармен, "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторымен, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мақсаттар.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті актілерді қабылдау;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде комиссияларды құру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;
өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін беру;
заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерін қабылдау және қарау;
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімінің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;
ҚР "Азаматтық қорғау туралы" Заңында көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
2) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
3) Маңғыстау облысындаақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдай жасау;
4) Маңғыстау облысында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту бойынша жұмысты үйлестіру;
5) Облыстық әкімдіктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету;
6) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру бойынша жұмысты үйлестіру;
7) облыстың жергілікті атқарушы органдарының электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асыру, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
8) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері (облыстық масштабтағы) туралы мәліметтерді және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері (облыстық масштабтағы) техникалық құжаттамасын есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асыру;
9) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
10) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды және оның сұрауы бойынша оларды "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторына (облыстық масштабтағы) ұсынуды қамтамасыз ету;
11) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін (облыстық масштабтағы) құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
12) халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасау;
13) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
14) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарын орналастыру,сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
15) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
16) операторға "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды беру;
17) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындау;
18) операторға деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік беру;
19) деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына беру;
20) Маңғыстау облысының шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 21) уәкілетті органмен және қызметін Маңғыстау облысында жүзеге асыратын, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс құрылысжайларының, байланыс жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын әзірлеужәне бекіту;
22) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындау бойынша жұмыстарды (облыстың жергілікті атқарушы органдары және байланыс операторларымен бірлесіп) үйлестіру;
23) Маңғыстау облысында байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
24) Маңғыстау облысында цифрландыру жобаларын іске асыру;
25) Маңғыстау облысында цифрландыру саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру;
26) облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтар және мүдделі ұйымдармен ақпараттандыру мәселесі бойынша өзара іс-қимылын үйлестіру, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;
27) облыстың аумағында электрондық құжат айналымы мәселелеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
28) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда,Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
29) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың дербес деректер және оларды қорғау мәселелері жөніндегі жолданымдарын қарау;
30) субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы жолданымдарын қарау және тиісті шешімдер қабылдау;
31) Маңғыстау облысының шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
32) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының бұзылуына жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қабылдау;
33) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап ету;
34) субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшылары мен орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз ету;
5) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
7) келісімшарттар жасасады;
8) сенімхаттар береді;
9) банктік шоттар ашады;
10) өз уәкілеттігі шегінде Басқарманың барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің бірінші басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) Басқарманың қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
12) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;
13) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
14) Басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады;
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.