Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекітілсін.
2. "Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданыны әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Жандарбеков |
| Шиелі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 қарашадағы № 278-қ қаулысына қосымша |
1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
№ | Мекемелердің түрлері | Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) |
1 | Жартылай стационар жағдайында (18 жасқа толмаған тұлғаларға арналған) | 11431,61 теңге (8 сағат) |
3 | Үйде қызмет көрсету жағдайында | 3764,81 тенге (бір қызмет алушыға) |
