Шаған ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі №32 "Шаған ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 39 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының бабтарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" № 480 Заңының баптарына сәйкес Шаған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шаған ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 32 "Шаған ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      Шаған ауылдық округіндегі Ж.Бекпанов тұйығын "Тотан Балапанов" және Ә.Тұйғынов көшесінің 1 – қатары "Абдулахат Нұғманов" есімімен қайта аталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шаған ауылдық округінің әкімі К. Несипбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады