Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 56 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Karatau Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №2855-EL лицензия негізінде, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Karatau Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2030 жылдың 9 қыркүйегіне дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Karatau Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерінде жерге залал келтіретін жұмыстар жүргізу туындаған жағдайда меншiк иелерімен немесе жер пайдаланушылармен жекеше сервитутты белгілеу туралы шарт жасасу міндеттелсін.

      3. "Karatau Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру ұсынылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі М. Самитов

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 25 сәуірдегі
№56 қаулысына қосымша

"Karatau Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскелерінің көлемі, гектар

1

"Сайлау" шаура қожалығы

10-149-040-853

500,88 га

2

Есимова Сапаркул

10-149-040-3060

500,0 га

3

"Ерлан" шаруа қожалығы

10-149-040-734

130,0 га

4

Бегалиев Айдархан

10-149-040-3167

200,0 га

5

"Самбай" шаруа қожалығы

10-149-040-2656

500,0 га

6

"Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" комуналдық мемлекеттік мекемесі

10-149-040-982

100,0 га

7

Шайков Абдихан

10-149-040-2659

500,0 га

8

"Karatau Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10-149-040-2046

8,82 га

9

"Karatau Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10-149-040-1909

13,47 га

10

"Қыр Ауыл" шаруа қожалығы

10-149-040-619

110,0 га

11

Райымбек Алмат Арыстанбекұлы

10-149-040-1834

305,0 га

12

"Сарықожа" шаруа қожалығы

10-149-040-2932

230,0 га

13

"Ерлан" шаруа қожалығы

10-149-040-1884

100,0 га

14

"Karatau Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10-149-040-1954

3,45 га

15

"Karatau Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10-149-040-2173

2,63 га

16

"Қасым" шаруа қожалығы

10-149-040-2915

400,0 га

17

"Karatau Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10-149-042-546

5,56 га


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады