Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 54 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Іңкәрім" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған 2024 жылғы 10 қаңатардағы №2363-EL лицензия негізінде, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Іңкәрім" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2030 жылдың 10 қаңтарға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Іңкәрім" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерінде жерге залал келтіретін жұмыстар жүргізу туындаған жағдайда меншiк иелерімен немесе жер пайдаланушылармен жекеше сервитутты белгілеу туралы шарт жасасу міндеттелсін.

      3. "Іңкәрім" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру ұсынылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі М. Самитов

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 25 сәуірдегі
№54 қаулысына қосымша

"Іңкәрім" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскелерінің көлемі, гектар

1

"Жамбыл" шаруа қожалығы

10-149-040-3064

200,0

2

"Жиделі" шаруа қожалығы

10-149-040-3125

50,0

3

"Жамбыл" шаруа қожалығы

10-149-040-2749

200,0

4

"Жайна" шаруа қожалығы

10-149-040-2981

465,0

5

"Байтлес" шаруа қожалығы

10-149-040-1697

1870,64

6

Балтаев Абдисаттар Турекожаевич

10-149-040-3059

500,0

7

Рахимов Махсут Мадиевич

10-149-040-3213

250,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады