Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қатені түзеу

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 42 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес және "Келінтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 12 сәуірдегі №02-8/112 шығыс хатына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес каналдардың күрделі жөндеу (қазып тазалау) мақсатында жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округі аумағында орналасқан Р-10 каналынан жалпы көлемі 3,4569 гектар және Р-10-1 каналынан жалпы көлемі- 2,4563 гектар жер учаскесіне 2029 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Келінтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округі аумағында күрделі жөндеу (қазып тазалау) мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.

      3. "Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі М. Самитов

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 31 наурыздағы
№42 қаулысына қосымша

Қауымдық сервитут белгіленген жер учаскелері

Жер пайдаланушылар атауы

Кадастрлық нөмірі

Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)

Соның ішінде

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

Оның ішінде

Егістік

Оның ішінде:

Көп жылдық екпелер

Шабындық

Жайылым

Суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Келінтөбе ауылдық округі №2 агробөлім №1 ауыспалы егістік

10-149-041-526

2,4563

2,4563

-

-

-

2,4563

-

2

Келінтөбе ауылдық округі №2 агробөлім №2 ауыспалы егістік

10-149-041-527

3,4569

3,4569

-

-

-

3,4569

-


Барлығы

5,9132

5,9132

-

-

-

5,9132

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады