Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 41 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес және "Өзгент ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 12 сәуірдегі №01-10/45 шығыс хатына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес каналдардың күрделі жөндеу (қазып тазалау) мақсатында жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылдық округі аумағында орналасқан Р-17 каналынан жалпы көлемі – 6,7637 гектар, Р-19 каналынан жалпы көлемі – 6,2223 гектар және К2-10 каналынан жалпы көлемі – 14,9202 гектар жер учаскелеріне 2029 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Өзгент ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылдық округі аумағында күрделі жөндеу (қазып тазалау) мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.

      3. "Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі М. Самитов

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 31 наурыздағы
№41 қаулысына қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері

Жер пайдаланушылар атауы

Кадастрлық нөмірі

Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)

Соның ішінде

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

Оның ішінде

Егістік

Оның ішінде:

Көп жылдық екпелер

Шабындық

Жайылым

Суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Өзгент ауылдық округі өңірі №1 агробөлім №3 ауыспалы егістік

10-149-041-513

6,2223

6,2223

-

-

-

6,2223

-

2

"Өзгент" шаруа қожалығы

10-149-041-1060

3,38185

3,38185

-

-

-

3,38185

-

3

"Маслихат төбе 1" шаруа қожалығы

10-149-041-742

3,38185

3,38185

-

-

-

3,38185

-

4

"Өзгент" шаруа қожалығы

10-149-041-1061

7,4601

7,4601

-

-

-

7,4601

-

5

"Ойшеңгел" шаруа қожалығы

10-149-041-1044

7,4601

7,4601

-

-

-

7,4601



Барлығы

27,9062

27,9062

-

-

-

27,9062

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады