"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Төретам кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 2 Қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Төретам кентінің атауы жоқ көшесіне Дүзбай Байтөреев атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Төретам кенті әкімінің орынбасары Н.Жолмахановқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төретам кентінің әкімі | Г. Елеусинов |
