Ескерту. 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі осы шешімнің 2 тармағымен.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қармақшы ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы | Ә.Қошалақов |
