"Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы №1193 қаулысына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би кенті бюджетінен қаржыландырылатын "Қазалы абаттандыру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылары келесідей лауазымдарға белгіленсін:
1) басқарушы персонал 5 (бес) еселенген базалық лауазымдық айлықақыдан (бұдан әрі –БЛА) артық емес;
2) әкімшілік персонал 4 (төрт) еселенген БЛА артық емес;
3) қосалқы персонал 3 (үш) еселенген БЛА артық емес;
4) 1, 2, 3, 4 - разрядтағы жұмысшылар 3 (үш) еселенген БЛА артық емес.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы | Ғ.Әліш |