Қызылорда қаласында жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Жаңа

Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 311-44/5 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі осы шешімнің 2 тармағымен.

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 582-бабының 1-тармағына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 242-34/4 шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8590-11 болып тіркелген) бекітілген Қызылорда қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде, Қызылорда қаласында жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексiнiң 577 және 578-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерiнен 35 (отыз бес) пайызға жоғарылатылсын.

      2. Осы шешiм 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға жатады.

      Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы И. Құттықожаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады