"2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы"

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 3396 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қызылорда қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Ахатов

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 3396 қаулысына қосымша

2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтер

Мекемелердің түрлері

Қызмет алушылардың түрлері

Күніне бір қызмет алушының тарифі, теңге

1

Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

Психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар

6 543,33

Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар

6 543,33

Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар

9 097,06

2

Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

Психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар балалар (адамдар)

5 327,42

Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар

5 327,42

Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар

5 298,45

Егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар

5 298,45

3

Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

Тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған уақытша болу жағдайында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар

8 846,80


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады