"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген) сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қаласында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Ахатов |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "31" шілдедегі № 2373 қаулысына қосымша |
№ | Қызылорда қаласында салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1-аймақ | Аймақ Марал Ишан және Қ. Махамбетов көшелерінің қиылысынан басталады. Оңтүстік-шығыс бағытта теміржол торабын бойлай Сұлтан Бейбарыс көшесінің қиылысына дейін жалғасады. Осы жерден оңтүстік бағытта аталған көшені бойлай Жібек жолы көшесіне жетіп, одан әрі Жібек жолы көшесімен оңтүстік-шығыс бағытта Тасбөгет кентінің шекарасына дейін созылады. Бұдан әрі аймақ шекарасы Тасбөгет кентінің шекарасын оңтүстік-батыс бағытта бойлай Сырдария өзеніне дейін жетеді. Кейін Сырдария өзенінің табиғи арнасымен Қ. Махамбетов көшесіне дейін жалғасып, бастапқы нүкте – Қ. Махамбетов және Марал Ишан көшелерінің қиылысында аяқталады | 2,0 |
2-аймақ | Аймақтың бастапқы нүктесі Қ. Махамбетов көшесінің теміржол торабымен қиылысқан жерінен басталады. Солтүстік бағытта теміржолды бойлай Қызылорда қаласының босалқы жерлерінің шекарасына дейін созылады. Одан әрі босалқы жерлердің шекарасы арқылы Қызылжарма ауылдық округіне жетеді. Шығыс бағытта Қызылжарма ауылдық округінің шекарасымен Қызылжарма каналына дейін, кейін канал бойымен оңтүстік-шығыс бағытта Белкөл кентінің шекарасына дейін жалғасады. Осы жерден теміржол торабына дейін жетіп, теміржолды солтүстік-батыс бағытта бойлай бастапқы нүктеге оралады. | 1,91 |
3-аймақ | Аймақ Қызылорда қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Бастапқы нүктесі теміржол торабы мен 032 кадастрлық квартал шекарасының қиылысынан басталады. Оңтүстік-шығыс бағытта теміржол бойымен Қ. Махамбетов көшесіне дейін, одан әрі осы көшені бойлай Сырдария өзеніне дейін жалғасады. Содан кейін Сырдария өзенінің арнасымен солтүстік-батыс бағытта 032 кадастрлық кварталдың оңтүстік шекарасына дейін барып, сол шекарамен бастапқы нүктеге қайта оралады. | 1,79 |
3-аймақ | Аймақтың бастапқы нүктесі 012 кадастрлық квартал мен Қызылорда қаласының шекарасының қиылысында орналасқан. Оңтүстік-шығыс бағытта Сырдария өзенінің табиғи арнасын бойлай Тасбөгет кентінің шекарасына жетіп, осы тұста Сырдария өзенін кесіп өтіп, Шіркейлі каналы бойымен солтүстік-батыс бағытта бастапқы нүктеге қайта оралады. | 1,79 |
3-аймақ | Аймақ Қызылорда қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бастапқы нүктесі – Сұлтан Бейбарыс көшесі мен теміржол торабының қиылысы. Теміржолды бойлай оңтүстік-шығыс бағытта Белкөл кентінің шекарасына дейін жалғасады. Одан әрі Белкөл кенті шекарасымен және Қызылорда қаласының босалқы жерлері шекарасымен жүріп, Тасбөгет кентінің шекарасына жетеді. Бұл шекараны бойлай Жібек жолы көшесінің қиылысына дейін, одан әрі Жібек жолы мен Сұлтан Бейбарыс көшелері арқылы бастапқы нүктеге дейін оралады. | 1,79 |
4-аймақ | Аймақ теміржол торабының солтүстігінде орналасқан. Бастапқы нүктесі – Қызылжарма каналы мен Қызылжарма ауылдық округі шекарасының қиылысы. Одан әрі ауылдық округтің және Қызылорда қаласының босалқы жерлері шекаралары арқылы Қарауылтөбе ауылдық округіне жетеді. Осы округ шекарасымен Белкөл кентінің шекарасына дейін жалғасып, оң жағалау магистральды каналы арқылы Қызылжарма каналына жетеді. Кейін Қызылжарма каналы бойымен бастапқы нүктеге оралады. | 1,68 |
4-аймақ | Аймақ теміржол торабының оңтүстік-батысында орналасқан. Бастапқы нүктесі – теміржол торабы мен Қызылорда қаласының шекарасының қиылысы. Теміржолды бойлай 032 кадастрлық кварталға дейін, одан әрі квартал шекарасымен оңтүстік-шығыс бағытта Сырдария өзеніне дейін созылады. Кейін өзен арнасымен солтүстік-батыс бағытта Қызылорда қаласының шекарасына, әрі қарай қала шекарасын бойлай бастапқы нүктеге дейін жетеді. | 1,68 |