Қызылорда қаласында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 2373 қаулысы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген) сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда қаласында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Ахатов

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "31" шілдедегі № 2373
қаулысына қосымша

Қызылорда қаласында салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймаққа бөлу коэффициенті

1-аймақ

Аймақ Марал Ишан және Қ. Махамбетов көшелерінің қиылысынан басталады. Оңтүстік-шығыс бағытта теміржол торабын бойлай Сұлтан Бейбарыс көшесінің қиылысына дейін жалғасады. Осы жерден оңтүстік бағытта аталған көшені бойлай Жібек жолы көшесіне жетіп, одан әрі Жібек жолы көшесімен оңтүстік-шығыс бағытта Тасбөгет кентінің шекарасына дейін созылады. Бұдан әрі аймақ шекарасы Тасбөгет кентінің шекарасын оңтүстік-батыс бағытта бойлай Сырдария өзеніне дейін жетеді. Кейін Сырдария өзенінің табиғи арнасымен Қ. Махамбетов көшесіне дейін жалғасып, бастапқы нүкте – Қ. Махамбетов және Марал Ишан көшелерінің қиылысында аяқталады

2,0

2-аймақ

Аймақтың бастапқы нүктесі Қ. Махамбетов көшесінің теміржол торабымен қиылысқан жерінен басталады. Солтүстік бағытта теміржолды бойлай Қызылорда қаласының босалқы жерлерінің шекарасына дейін созылады. Одан әрі босалқы жерлердің шекарасы арқылы Қызылжарма ауылдық округіне жетеді. Шығыс бағытта Қызылжарма ауылдық округінің шекарасымен Қызылжарма каналына дейін, кейін канал бойымен оңтүстік-шығыс бағытта Белкөл кентінің шекарасына дейін жалғасады. Осы жерден теміржол торабына дейін жетіп, теміржолды солтүстік-батыс бағытта бойлай бастапқы нүктеге оралады.

1,91

3-аймақ

Аймақ Қызылорда қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Бастапқы нүктесі теміржол торабы мен 032 кадастрлық квартал шекарасының қиылысынан басталады. Оңтүстік-шығыс бағытта теміржол бойымен Қ. Махамбетов көшесіне дейін, одан әрі осы көшені бойлай Сырдария өзеніне дейін жалғасады. Содан кейін Сырдария өзенінің арнасымен солтүстік-батыс бағытта 032 кадастрлық кварталдың оңтүстік шекарасына дейін барып, сол шекарамен бастапқы нүктеге қайта оралады.

1,79

3-аймақ

Аймақтың бастапқы нүктесі 012 кадастрлық квартал мен Қызылорда қаласының шекарасының қиылысында орналасқан. Оңтүстік-шығыс бағытта Сырдария өзенінің табиғи арнасын бойлай Тасбөгет кентінің шекарасына жетіп, осы тұста Сырдария өзенін кесіп өтіп, Шіркейлі каналы бойымен солтүстік-батыс бағытта бастапқы нүктеге қайта оралады.

1,79

3-аймақ

Аймақ Қызылорда қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бастапқы нүктесі – Сұлтан Бейбарыс көшесі мен теміржол торабының қиылысы. Теміржолды бойлай оңтүстік-шығыс бағытта Белкөл кентінің шекарасына дейін жалғасады. Одан әрі Белкөл кенті шекарасымен және Қызылорда қаласының босалқы жерлері шекарасымен жүріп, Тасбөгет кентінің шекарасына жетеді. Бұл шекараны бойлай Жібек жолы көшесінің қиылысына дейін, одан әрі Жібек жолы мен Сұлтан Бейбарыс көшелері арқылы бастапқы нүктеге дейін оралады.

1,79

4-аймақ

Аймақ теміржол торабының солтүстігінде орналасқан. Бастапқы нүктесі – Қызылжарма каналы мен Қызылжарма ауылдық округі шекарасының қиылысы. Одан әрі ауылдық округтің және Қызылорда қаласының босалқы жерлері шекаралары арқылы Қарауылтөбе ауылдық округіне жетеді. Осы округ шекарасымен Белкөл кентінің шекарасына дейін жалғасып, оң жағалау магистральды каналы арқылы Қызылжарма каналына жетеді. Кейін Қызылжарма каналы бойымен бастапқы нүктеге оралады.

1,68

4-аймақ

Аймақ теміржол торабының оңтүстік-батысында орналасқан. Бастапқы нүктесі – теміржол торабы мен Қызылорда қаласының шекарасының қиылысы. Теміржолды бойлай 032 кадастрлық кварталға дейін, одан әрі квартал шекарасымен оңтүстік-шығыс бағытта Сырдария өзеніне дейін созылады. Кейін өзен арнасымен солтүстік-батыс бағытта Қызылорда қаласының шекарасына, әрі қарай қала шекарасын бойлай бастапқы нүктеге дейін жетеді.

1,68


Об утверждении коэффициента зонирования, учитывающий месторасположение объекта налогообложения в городе Кызылорда

Постановление акимата города Кызылорда Кызылординской области от 31 июля 2025 года № 2373

      В соответствии с пунктом 6 статьи 529 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый Кодекс)" и Методикой расчета коэффициента зонирования утвержденной приказом Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 12 ноября 2018 года № 475 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 17847), акимат города Кызылорда ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить коэффициент зонирования, учитывающий месторасположение объекта налогообложения в городе Кызылорда, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Кызылорда.

      3. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2026 года.

      Аким города Кызылорда Н. Ахатов

  Приложение к постановлению
акимата города Кызылорда
от "31" июля 2025 года № 2373

Месторасположение объекта налогообложения в городе Кызылорда

Коэффициент зонирования

1-зона

Зона начинается с пересечения улиц Марал Ишан и К. Махамбетова. Далее в юго-восточном направлении вдоль железнодорожного узла доходит до пересечения с улицей Султана Бейбарса. Оттуда продолжается на юг по данной улице до улицы Жибек Жолы, затем по улице Жибек Жолы в юго-восточном направлении до границы поселка Тасбугет. Далее граница зоны проходит по границе поселка Тасбугет в юго-западном направлении до реки Сырдарья. Затем вдоль естественного русла реки Сырдарья возвращается к улице К. Махамбетова и замыкается в исходной точке – на пересечении улиц К. Махамбетова и Марал Ишан.

2,0

2-зона

Исходная точка зоны – пересечение улицы К. Махамбетова с железнодорожным узлом. Далее в северном направлении вдоль железной дороги до границы резервных земель города Кызылорда. Затем по границе резервных земель до границы сельского округа Кызылжарма, в северо-восточном направлении по границе округа до канала Кызылжарма. Далее вдоль канала в юго-восточном направлении до границы поселка Белкуль. Затем по границе поселка до железнодорожного узла, далее в северо-западном направлении вдоль железной дороги до исходной точки.

1,91

3-зона

Зона расположена в северо-западной части города Кызылорда. Исходная точка – пересечение железнодорожного узла и границы кадастрового квартала 032. Далее в юго-восточном направлении вдоль железной дороги до улицы К. Махамбетова, затем по ней в юго-восточном направлении до реки Сырдарья. После чего вдоль русла реки в северо-западном направлении до южной границы кадастрового квартала 032 и далее по ней возвращается к исходной точке.

1,79

3-зона

Исходная точка зоны – пересечение кадастрового квартала 012 с границей города Кызылорда. Далее в юго-восточном направлении вдоль естественного русла реки Сырдарья до границы с поселком Тасбугет. Затем пересекает реку Сырдарья в юго-западном направлении и вдоль канала Ширкейли в северо-западном направлении возвращается к исходной точке.

1,79

3-зона

Зона расположена в юго-восточной части города Кызылорда. Исходная точка – пересечение улицы Султана Бейбарса с железнодорожным узлом. Далее в юго-восточном направлении вдоль железной дороги до границы поселка Белкуль. Затем вдоль границы поселка и границы резервных земель города до границы с поселком Тасбугет. Далее по границе поселка в юго-западном направлении до пересечения с улицей Жибек Жолы. Оттуда по улице Жибек Жолы в северо-западном направлении до пересечения с улицей Султана Бейбарса, далее по ней до исходной точки.

1,79

4-зона

Зона расположена к северу от железнодорожного узла. Исходная точка – пересечение канала Кызылжарма с границей сельского округа Кызылжарма. Далее по границе сельского округа и резервных земель города до границы сельского округа Караултобе. Затем по границе селького окуруга Караултобе до границы поселка Белкуль, вдоль правобережного магистрального канала до канала Кызылжарма. Далее вдоль канала Кызылжарма в северо-западном направлении до исходной точки.

1,68

4-зона

Зона расположена к юго-западу от железнодорожного узла. Исходная точка – пересечение железнодорожного узла с границей города Кызылорда. Далее вдоль железной дороги в юго-западном направлении до пересечения с кадастровым кварталом 032. Затем по границе квартала в юго-восточном направлении до реки Сырдарья, далее вдоль русла реки в северо-западном направлении до границы города Кызылорда, и по ней до исходной точки

1,68