Қызылорда облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 09 желтоқсандағы № 209 шешімі

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабының 2-тармағына және "Ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:

      1) Қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін-70 теңге;

      2) Қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін-120 теңге;

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы М. Тлеумбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады