2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 70/259 қаулысы

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 142-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелді), Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Ұ.А. Алмасқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М.Ахметов

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "25" желтоқсан
№ 70/259 "2026 жылға арналған
арнаулы әлеуметтік қызметтерді
көрсетуге тарифтерді бекіту туралы"
қаулысына қосымша

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 2026 жылға арналған тарифтер

Мекеме атауы

Қызмет атауы

Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

1

"Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

77868,00

3708,00


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады