"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, сәйкес Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025-2029 жылдарға арналған Приозерск қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат төрағасы | А. Исатаев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Приозерск қаласы кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылық бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнің басшысы
А.А. Алтаев
"28" қараша 2025 жыл
| Приозерск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 34/254 шешімімен бекітілген |
Приозерск қаласы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар (бұдан әрі – Жоспар) "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 4-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданады.
2-тарау. Приозерск қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
3. Жоспарды әзірлеген кезде мыналар ескеріледі:
1) осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыру кезінде жерлердің болуы, олардың санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен алқаптар бойынша бөлінуі туралы ресми статистикалық ақпарат және мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер пайдаланылады;
2) осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыру кезінде "Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 314 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30043 болып тіркелген) сәйкес жүргізілетін жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау нәтижелері пайдаланылады;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 35 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19987 болып тіркелген) бекітілген Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) туралы мәліметтер;
4) осы Жоспарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыруды ауданның (қалалардағы аудандарды қоспағанда), аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп облыстардың жергілікті атқарушы органдары әзірлеген жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспар негізінде жүзеге асырады;
5) осы Жоспарға 4-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін көрсете отырып, оларды сәйкестендіру дерекқорынан алынған ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректер;
6) осы Жоспарға 4-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді қалыптастыруды ауданның (қалалардағы аудандарды қоспағанда), облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жүзеге асырады;
7) осы Жоспарға 4-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес нысан бойынша шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы мәліметтер.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыруды ауданның (қалалардағы аудандарды қоспағанда), облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жүзеге асырады;
8) екпе және аридтік жайылымдарда, орман, су қорлары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері туралы деректер.
Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) бекітетін ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Орман, су қорлары және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 95, 119, 125-баптарына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23, 40, 43, 47, 48, 52, 69-баптарына сәйкес жүзеге асырылады;
9) осы Жоспарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары;
10) мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпарат.
4. Жоспарда мынадай қосымшалар қамтылған:
1) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың жер санаттары бөлінісінде орналасу схемасы (картасы), онда жайылымдардың шекаралары, алаңдары мен түрлері, оның ішінде шалғайдағы, маусымдық, құрғақ және екпе жайылымдар, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының негізінде олардың меншік иелері немесе жер пайдаланушылар туралы мәліметтер көрсетіледі;
2) жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтаждығына арналған жайылымдар, оның ішінде қоғамдық жайылымдар белгіленген схема (карта), онда жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтаждығына арналған жайылымдардың, оның ішінде қоғамдық жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі;
3) ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары көрсетілген схема (карта), онда жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары көрсетіледі;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттар, мал айдайтын трассалар және жайылымдық инфрақұрылымның өзге де объектілері, сондай-ақ мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) белгіленетін схема (карта), онда ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттар, мал айдайтын трассалар, жайылымдық инфрақұрылым объектілері, мал қорымдарының (биометриялық шұңқырлардың) орналасқан жері көрсетіледі;
5) жайылымды пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар белгіленген схема (карта).
Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшін меншікке немесе жер пайдалануға босалқы жерлерді беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 138-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген) бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
6) халықтың жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында резервке алынуға жататын жайылымдарды белгілейтін схема (карта), онда жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында резервке алынуға жататын жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі.
Жерлерді резервте қалдыру Кодекстің 49-2-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығымен бекітілген Жерлерді резервте қалдыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11337 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады;
7) суды тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, қазандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахта құдықтарына) қол жеткізу схемасы, онда жануарлардың су көздеріне қарай жүріп-тұру маршруттары көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларының орташа тәуліктік су тұтынуы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14827 болып тіркелген) бекітілген Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеге 6-қосымшаның 10-кестесіне сәйкес айқындалады;
8) ауыл шаруашылығы жануарларының басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы, онда ауыл шаруашылығы жануарларының басын орналастыруға арналған шалғайдағы жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі;
9) ауылдық округке кіретін ауылдық елді мекендер арасында жайылымдарды жобалық бөлу (қайта бөлу), онда жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының басы үшін ауылдық округтің ауылдық елді мекендері арасында жайылымдарды бөлу (қайта бөлу) схемасы көрсетіледі;
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті талаптар:
"Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау;
жайылым айналымын және суды пайдалану көздерін ескере отырып жайылымдарды пайдалану;
жайылым алаңдарын жекеленген өріс учаскелеріне бөлу;
жайылым учаскелерін жыл маусымдары бойынша кеңістікте және уақытпен (маусым, жыл ішінде) кезектестіру;
жайылым айналымы учаскелерінің бірін жайылымсыз және ауыл шаруашылығы жануарларынсыз жыл сайын қалдыру.
| Приозерск қаласы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына № 1 қосымша |
Өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері
1-кесте. Приозерск қаласы жайылымдарын жерлердің санаттары бойынша бөлу, мың гектар
Ауылдық округтердің атауы | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды | Жерлер санаттары | Жерлер жиыны | ||||||
ауыл шаруашылығы мақсатындағы | елді мекендердің | өнеркәсіп, көлік және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес | ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың | орман қорының | су қорының | босалқы жер | |||
1 | 2 | 3 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |
Прио зерск | 352100000 | 385 | 5452 | 27 | - | - | - | - | 5864 |
2-кесте. Елді мекеннің жайылымдарын бөлу, мың гектар
Р/с № | Ауылдық округтің атауы | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды | Елді мекеннің атауы | Жайылымдардың жалпы алаңы, мың гектар | Жайылымдардың алаңдары мен түрлері | |||||
жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған, мың гектар | көпшілік пайдаланатын, мың гектар | шалғайдағы, мың гектар | маусымдық, мың гектар | аридтық, мың гектар | екпе жайылымдар, мың гектар | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | Прио зерск | 352100000 | Прио зерск | 385 | 27 | - | - | - | - | - |
3-кесте. Жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары негізінде меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтер
Р/с № | Меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың атауы | Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Жайылымдар алаңы, мың гектар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Кенжеев Асхан Жекижанович | 670120350037 | 09-111-007-121 | 150 |
2 | Шакаржан Бакытгул | 651122402717 | 09-111-007-134 | 151 |
3 | Нурлибаева Жансилу Файзуллаевна | 661222450247 | 09-111-007-133 | 84 |
4-кесте. Жайылымдарды бөлу
Р/с № | Ауылдық округтің атауы | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды | Елді мекеннің атауы | Ауыл шаруашылығы жануарлары үшін қажетті жайылым алаңы, мың гектар | Көпшілік пайдаланатын жайылымдардың алаңы, мың гектар | Шалғайдағы жайылымдардың алаңы, мың гектар | |||
Ірі қара мал | Ұсақ мал | Жылқылар | Түйелер | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Прио зерск | 352100000 | Прио зерск | 27,6 | 4,3 | 10,6 | 0,7 | 17,7 | 458,6 |
5-кесте. Қосымша қажет етілетін жайылымдар
Р/с № | Босалқы жерлерден қажет етілетін қосымша жайылымдар, мың гектар | Қосымша берілетін жайылымдар | |
жайылым пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар, мың гектар | жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында резервке қойылуға тиіс жайылымдар, мың гектар | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | 90,6 | 41,0 | 49,6 |
| Приозерск қаласы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына № 2 қосымша |
Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері
Табиғи азықтық алқаптардың жіктемесі бойынша және түсініксөз бойынша шифрлар, күні | Контурлар мен сипаттамалар нөмірі (жақша ішінде) | Табиғи азықтық алқаптар типтерінің (айырмаларының, түрлендірулерінің) жер бедеріне топыраққа байланыстырылған атауы. Басқа жерлер мен алқаптардың атауы | Алқап түрі | Контурдағы пайыздық қатынас | Алаңы, мың гектар | Заманауи пайдаланылуы | Жалпы түсімділік, гектарына центнерден (зерттеп-қарау жылы)) |
П-1 | - | жайылымдар | жайылымдар | - | 0,1 | жайылымдар | - |
П-1 | - | қор | қор | - | 3,0 | қор | - |
| Приозерск қаласы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына № 3 қосымша |
Жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер
Р/с № | Жайылымдық инфрақұрылым объектілері | Жұмыс істеп тұрған жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің саны, бірлік | Құрылысты (реконструкцияны) талап ететін, бірліктер | Ұзындығы, километр | Алаңы, мың шаршы метр |
1. | Суландыру құрылысжайлары (ұңғымалар, құбырлы және шахталы құдықтар, апандар) | - | - | - | - |
2. | Құрылысжайлар, көпірлер, жолдар | - | - | - | - |
3. | Мал айдайтын жолдар, малды аялдатуға арналған алаңдар мен суат алаңдары | - | - | - | - |
4. | Қойларды тоғытуға арналған ыдыстар, қоралар және қоршалған жерлер, жайылымдардың қоршаулары, шарбақтар (оның ішінде электрлі шарбақтар), ауыл шаруашылығы жануарларын қоршап-бөлшектеп жаюға арналған қашалар | - | - | - | - |
5. | Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық емдеуге арналған өткелектер | - | - | - | - |
6. | Электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге арналған құрылысжайлар мен объектілер, жаңартылатын және баламалы энергия көздері пайдаланылатын объектілер | - | - | - | - |
7. | Сумен жабдықтау объектілері және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да түрлері, персоналдың маусымдық тұруына арналған құрылысжайлар және жайылымдарды күтіп-ұстау мен пайдалану үшін қажетті өзге де мүлік | - | - | - | - |
| Приозерск қаласы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына № 4 қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорынан алынған ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны
1-кесте. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін көрсете отырып, олардың саны туралы деректер
Р/с № | Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша кенттің, ауылдың, ауылдық округтің коды | Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің атауы | Иесінің типі | Иесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі | Жеке тұлғалардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғалардың атауы | Мал басының саны, бас | |||
Ірі қара мал | Ұсақ мал | Жылқылар | Түйелер | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | 352100000 |
Приозерск | 670120350037 | Кенжеев Асхан Жекижанович | 710 | 980 | 100 | 5 | |
2 | 352100000 |
Приозерск | 651122402717 | Шакаржан Бакытгул | 420 | 304 | 80 | 5 | |
3 | 352100000 |
Приозерск | 661222450247 | Нурлибаева Жансилу Файзуллаевна | 101 | 110 | 90 | 3 | |
Жиыны: | 1231 | 1394 | 270 | 13 | |||||
2-кесте. Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер
Р/с№ | Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша кенттің, ауылдың, ауылдық округтің коды | Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің атауы | Үйірлердің, отарлардың, табындардың саны | ||||||||||
Ірі қара мал | Ұсақ мал | Жылқылар | Түйелер | ||||||||||
бұқалар Бұқалар | сиырлар | қашарлар | бұқашықтар | қойлар және ешкілер | төл (тоқтылар, шыбыштар) | төл (еркек тоқтылар , текешіктер) | айғырлар, биелер | төл | түйелер | төл | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
1 | 352100000 | Приозерск қаласы | 151 | 627 | 314 | 139 | 923 | 313 | 158 | 155 | 115 | 11 | 2 |
| Приозерск қаласы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына № 5 қосымша |
Ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары
Жылдар | Учаскелердің нөмірлері | |||
I | II | III | IV | |
бірінші жыл | көктемгі маусым | жазғы маусым | күзгі маусым | демалатын учаске |
екінші жыл | демалатын учаске | көктемгі маусым | жазғы маусым | күзгі маусым |
үшінші жыл | күзгі маусым | демалатын учаске | көктемгі маусым | жазғы маусым |
төртінші жыл | жазғы маусым | күзгі маусым | демалатын учаске | көктемгі маусым |
Приозерск қаласы бойынша жайылым айналымдарының схемасы

