Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 9 шілдедегі № 36/365 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген), аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдыстық жиынына қатысу үшін Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Саккулаков

  Осакаров аудандық мәслихатының
шешіміне 1 қосымша

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің осы тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің (Осакаровка кенті) көшелері тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Тәртіпте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – кент, көше, көппәтерлі тұрғын ұй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Осакаровка кентінің аумағы көшелерге бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін әр көшеден үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің әкімі (бұдан әрі-Осакаровка кентінің әкімі) көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырулы уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Осакаровка кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында Осакаровка кенті көшелерінің қатысып отырған тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны көшелерде тұратын Осакаровка кенті тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Осакаровка кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

      Осакаровка кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Осакаровка кенті көшелеріндегі тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Осакаровка кенті әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Осакаров аудандық
мәслихатының шешіміне
2 қосымшасы

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Көше атауы, көппәтерлі тұрғын үй нөмірі көше,

көппәтерлі тұрғын үй өкілдерінің саны

1

Геннадий Карапиди (Колхозная) көшесі
Придорожная көшесі
Александр Ткач (Подгорная) көшесі
Бейбітшілік көшесі
Мирная көшесі
Жібек жолы (Советская) көшесі
Беслан Аушев (Кузнечная) көшесі
Женіс (Победа) көшесі
Надречная көшесі
Северная көшесі
Шеткебұлақ көшесі
Линейная көшесі
Көркем (Советский) тұйық көшесі
Космическая көшесі
Южная көшесі

3

2

Абай көшесі
Әлихан Бөкейханов (Литвиновская) көшесі
Школьная көшесі
Озерная көшесі
Қарағанды (Октябрьская) көшесі
Жамбыл (Пионерская) көшесі, көп пәтерлі тұрғын үйлер № 7; № 8; № 9; № 10; № 14
Хайрулла Байғабылов (Мостовая) көшесі, көп пәтерлі тұрғын үйлер № 48/1; № 51
Ыбырай Алтынсарин (Шахматная) көшесі
Шәкәрім (Театральная) көшесі, көп пәтерлі тұрғын үйлер № 1; 7; 9; 13;
Шәмші Қалдаяқов көшесі

2

3

Раздольная көшесі
Достық көшесі, көп пәтерлі тұрғын үйлер № 1А, № 2А; № 1; № 2; № 4; №6; №8;
Степная көшесі
Луговая көшесі
Бүйректал (Релейная) көшесі
Родниковская көшесі
Элеваторная көшесі, көп пәтерлі тұрғын үйлер № 16; 18; 22;
Фабричная көшесі
Восточная көшесі
Пристанционная көшесі
Заготзерновская көшесі
Индустриальная көшесі
Сарыарқа (Интернациональная) көшесі
Куншуак (1-ші Семилетка) көшесі
Сарыбұлақ (Нефтебазовская) көшесі
Сельхозснабская көшесі
Западная көшесі
Привокзальная көшесі
Железнодорожная көшесі, көп пәтерлі тұрғын үйлер № 29, № 30
Профсоюзная көшесі
Территория Нефтебазы көшесі
Астық (Урожайный) тұйық көшесі
Ақжар (Дальняя) көшесі

3

4

Целинная көшесі, көп пәтерлі тұрғын үйлер № 2; № 4; № 6; № 10
Пацаева көшесі
Молодежная көшесі
Осенняя көшесі
Алаш көшесі
Строительная көшесі
Сұнқар (Комсомольская) көшесі
Моторная көшесі
Юбилейная көшесі
Охотская көшесі
Дальний тұйық көшесі
Болашак көшесі
Гагарина көшесі, көп пәтерлі тұрғын үйлер № 3; 5;19;20; 22; 24; 26; 28; 30; 33;
Жалпы саны

2
10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады