Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, сондай-ақ халық үшін жолаушылар тасымалының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұра ауданының Нұра кентінде әлеуметтік маңызы бар тұрақты жолаушылар тасымалының № 1 ""Рахмет" дүкені – Орталық аудандық аурухана" бағыты бойынша келесі тарифтерді белгілеу:
- мектеп оқушылары үшін – тегін;
- қалған жолаушылар үшін – бір жолаушыға 100 (жүз) теңге.
2. Белгіленген тарифтен түсетін кірістерді өтеу үшін тасымалдаушыларға субсидиялар беруді ескере отырып, осы тариф бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Б.Н. Есжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Нұра ауданының әкімі | Б. Муканов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Нұра аудандық мәслихаты