ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданған жағдайда корпоративтік немесе жеке табыс салығының (төлем көзіне салық ұсталатын табыстардан басқа) мөлшерлемесін Нұра ауданының аумағында салық кезеңі үшін алынған (алынуға тиіс) табыстар бойынша 4 %-дан 2 %-ға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Нұра аудандық мәслихатының төрағасы | К. Жунусбеков |
