Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына, "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысы Нұра ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Нұра ауданы әкімінің орынбасары Есжанов Бақытжан Нұрхатұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 19 маусымынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Нұра ауданының әкімі | Б. Муканов |