Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына және "Казгидромет" ШЖҚ РМК Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша" филиалының 2025 жылғы 21 мамырдағы №27-03-27-03-10/521 хатына сәйкес, Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты Шұбаркөл кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Нұра ауданы әкімінің орынбасары Есжанов Бақытжан Нұрхатұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 18 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Нұра ауданының әкімі Б. Муканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады