Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің әкімінің 2025 жылғы 18 шілдедегі № 1-5/04 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссияның 2025 жылғы 22 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Қарағайлы кентінің тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің көшелері қайта аталсын:

      1) Центральная көшесін Кеншілер көшесіне;

      2) Крайняя көшесін Талғат Бигелдинов көшесіне;

      3) Набережная көшесін Қазыналы көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағайлы кенті әкімі М.Акимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады