ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № VIII-5/51 (Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 маусымда № 6453-09 тіркелген) "Қарқаралы ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қарқаралы аудандық мәслихат төрағасы | С.К. Оспанов |
