Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Центргеолсъемка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 19 тамызға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 2006,9065 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Жер пайдаланушы- "Центргеолсъемка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
4. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қарқаралы ауданының әкімінің м.а. | С.Мусин |
| Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2025 жылғы "01" қазандағы № 346 қаулысына қосымша |
"Центргеолсъемка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ | Орналасқан жері | Кадастырлық номері | Жалпы көлемі, га | қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га; |
1 | "Қызылкөл" шаруа қожалығы (басшысы Ғабдуллин Қайрат) | 09133062013 | 1600 | 195,4343 |
2 | Жакешов Даулет Калелович | 09133061248 | 3273 | 966,145 |
3 | Ахметов Алпысбай Бизакович | 09133062111 | 1364 | 782,0226 |
4 | Талдыбаев Куаныш Конысбекович | 09133062108 | 2021 | 41,8482 |
5 | Участок№1 с.Карабулак | 21,4564 | ||
Барлығы | 2006,9065 |
