Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 337 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорыны" акционерлік қоғамының 2025 жылғы 15 тамыздағы № 06-02-20/390 хатының негізінде, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыруды жүзеге асыру кезінде "Союз-5" зымыран тасығышының құлау ауданын ұйымдастыру үшін Қарқаралы ауданының әкімшілік шекарасындағы орналасқан жалпы алаңы 140955,21 гектар "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорыны" акционерлік қоғамына жер учаскесіне алып қоймастан қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Жер учаскесін пайдаланған кезде "Бәйтерек" Қазақстан–Ресей бірлескен кәсіпорыны" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданы әкімінің м. а. С. Мусин

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "26" қыркүйектегі
№337 қаулысына
Қосымша

Қоғамдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі (құлау ауданы)

Жер учаскесінің орналасқан жері

Кадастрлық нөмірі

Жалпы алаңы, га

Қоғамдық сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің алаңы (лицензия шекарасында), га

1

КХ Эдил Тумарбаев Медет Капанович

09-133-060-039

805,00

0,43

2


09-133-060-040

1507,25

0,80

3

Сагиндыков Б. Т.

09-133-060-107

2472,00

1,31

4

Жаркибаев К. Т.

09-133-060-080

1122,00

0,60

5

КХ Алга

09-133-060-051

624,03

0,33

6

Нуртаев М. С

09-133-060-108

2000,00

1,06

7


09-133-060-014

2599,12

1,38


БАРЛЫҒЫ


11129,4

5,91


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады