Қазақстан Республикасы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорыны" акционерлік қоғамының 2025 жылғы 15 тамыздағы № 06-02-20/390 хатының негізінде, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыруды жүзеге асыру кезінде "Союз-5" зымыран тасығышының құлау ауданын ұйымдастыру үшін Қарқаралы ауданының әкімшілік шекарасындағы орналасқан жалпы алаңы 140955,21 гектар "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорыны" акционерлік қоғамына жер учаскесіне алып қоймастан қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Жер учаскесін пайдаланған кезде "Бәйтерек" Қазақстан–Ресей бірлескен кәсіпорыны" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қарқаралы ауданы әкімінің м. а. | С. Мусин |
| Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "26" қыркүйектегі №337 қаулысына Қосымша |
Қоғамдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі (құлау ауданы)
№ | Жер учаскесінің орналасқан жері | Кадастрлық нөмірі | Жалпы алаңы, га | Қоғамдық сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің алаңы (лицензия шекарасында), га |
1 | КХ Эдил Тумарбаев Медет Капанович | 09-133-060-039 | 805,00 | 0,43 |
2 | 09-133-060-040 | 1507,25 | 0,80 | |
3 | Сагиндыков Б. Т. | 09-133-060-107 | 2472,00 | 1,31 |
4 | Жаркибаев К. Т. | 09-133-060-080 | 1122,00 | 0,60 |
5 | КХ Алга | 09-133-060-051 | 624,03 | 0,33 |
6 | Нуртаев М. С | 09-133-060-108 | 2000,00 | 1,06 |
7 | 09-133-060-014 | 2599,12 | 1,38 | |
БАРЛЫҒЫ | 11129,4 | 5,91 |