"Тау-Кен Самұрық" Ұлттық Тау-Кен компаниясы" акционерлік қоғамымен қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 325 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Тау-Кен Самұрық" Ұлттық Тау-Кен компаниясы" акционерлік қоғамы қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 21 тамызға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы - 6665,5391 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Тау-Кен Самұрық" Ұлттық Тау-Кен компаниясы" акционерлік қоғамы қатты пайдалы қазбалар бойынша барлау жұмыстарын жүргізу кезінде, ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер пайдаланушылардың жерлерінде (олар болған кезде), сондай-ақ зиян келтірілген жағдайда залалды өтеуге және жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану үшін бастапқы қалпына келтіруге міндеттелсін.

      3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

      4. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданы әкімінің м.а. С.Мусин

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "22" қыркүйек
№325 қаулысына
Қосымша

Қоғамдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Кадастрлқ нөмірі

Жалпы алаңы, га

Қоғамдық сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің алаңы (лицензия шекарасында), га

1

Кудайбергенов Даулет Кенжебаевич

09-133-060-059

492,0

458,9126

2

Кудайбергенов Аскар Даулетович

09-133-060-096

2407,8180

111,9878

3

Валиев Абдулбари Абдулхакович

09-133-060-093

627,0000

178,4971

4

Валиев Абдулбари Абдулхакович

09-133-060-082

327,0

327,0

5

"Қарқаралы ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

09:133:060

8,5664

8,5664

6

Валиев Абдулбари Абдулхакович

09-133-060-083

393,0

393,0000

7

Культуманов Ермек Турарович

09-133-060-063

200,0

150,8196

8

Валиев Абдулбари Абдулхакович

09-133-060-084

1141,0000

584,1890

9

Оразбеков Айтказы Битимбаевич

09:133:060-085

1277,0

331,5199

10

Оразбеков Айтказы Битимбаевич

09:133:060-052

191,46

181,4253

11

Калмаганбетов Бейбит Мендыгалиевич

09-133-060-111

515,0

75,1319

12

"Қарқаралы ауданы Н. Нұрмақов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

09:133:064

1160,5540

1160,5541

13

Алимканов Аманжол Жаканович

09-133-064-143

1235,00

44,8712

14

Айнабулак ауылы

09-133-059-

2659,0641

2659,0641


БАРЛЫҒЫ



6665,5391 га


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады