"Горно-Рудная Компания "Қарқаралы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 271 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Горно-Рудная Компания "Қарқаралы"" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2027 жылғы 14 мамырға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының запастағы жерлерінде орналасқан жалпы ауданы - 890,0 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.

      2. Жер пайдаланушы- "Горно-Рудная Компания "Қарқаралы"" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

      4. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының Ә.Арғынов

  Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2025 жылғы "4" тамыздағы
№ 271 қаулысына
қосымша

"Горно-Рудная Компания "Қарқаралы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Орналасқан жері

Кадастырлық номері

Жалпы көлемі, га

қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;

1

Абильдин М.Н. (ШҚ жүргізу)

09-133-062-141

975,8473

0,8575

2

Қарабұлақ а- нің босалқы жер қоры



140,1646

3

Мухамедияров К.Т. (ШҚ жүргізу)

09-133-062-144

401,3100

56,7480

4

Қарабұлақ а- нің босалқы жер қоры



47,8543

5

Балқантау а/о- нің босалқы жер қоры



6,8954


Барлығы:


1377,1573

252,5198


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады