Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 5 "Бұқар жырау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ Ботақара кенті, Новоузенка, Доскей, Көкпекті ауылдары мен Қушоқы кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4568 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Экология кодексі" Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Мәслихат төрағасы | А.Әли |