Жария сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 62/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "MIRAS MINERALS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 933,1159 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2027 жылдың 2 ақпанына дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "MIRAS MINERALS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 933,697 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2028 жылдың 21 қаңтарына дейін жария сервитут белгіленсін.

      3. "MIRAS MINERALS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      4. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Капашев

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 62/03 қаулысына 1-қосымша

"MIRAS MINERALS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

р/с №

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы

Кадастрлық нөмірі

Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар

1

Нурымханов Жанбота Нурымханулы

09-102-040-1630

133,9891

2

Жумабекова Айман Абзаловна

09-102-040-1564

653,0371

3

"Азамат-К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

09-102-025-218

146,0897

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 62/03 қаулысына 2-қосымша

"MIRAS MINERALS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

р/с №

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы

Кадастрлық нөмірі

Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар

1

Нурымханов Жанбота Нурымханулы

09-102-040-1630

443,088

2

Жумабекова Айман Абзаловна

09-102-040-1564

490,609


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады