Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "NEWLAND" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 30770,815 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2030 жылдың 09 қыркүйегіне дейін жария сервитут белгіленсін.
2. "NEWLAND" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
3. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы | А.Капашев |
| Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 62/02 қаулысына қосымша |
"NEWLAND" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с № | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы | Кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар |
1 | "Азамат-К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 09-102-025-218 | 19157,6150 |
2 | "Ортадересін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 09-102-025-260 | 3,5940 |
3 | Ортадересін ауылдық округінің жерлері | 860,4800 | |
4 | Мейрам Айбат Мейрамұлы | 09-102-027-207 | 114,9710 |
5 | Алтынбеков Абылкаир Касенханович | 09-102-027-319 | 378,2620 |
6 | Жумабекова Айман Абзаловна | 09-102-040-1564 | 267,9700 |
7 | Қуатбекова Рымкул Нұрымханқызы | 09-102-040-1611 | 1927,4540 |
8 | Кабылова Кымбат Бляловна | 09-102-040-1739 | 505,3756 |
9 | Торебеков Айдын Анарбекович | 09-102-040-1625 | 2500,0000 |
10 | Кабылова Кымбат Бляловна | 09-102-040-1523 | 1643,6390 |
11 | Саргалиева Торгын Алтаевна | 09-102-027-178 | 571,0000 |
12 | Султанбеков Балыкбек Умитбекулы | 09-102-040-164 | 528,3100 |
13 | Мухажанов Мурат Мусаханулы | 09-102-040-1741 | 1383,0955 |
14 | Ақтоғай ауданының жер қоры | 929,0489 |
