Шахтинск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 41/01 "Шахтинск қаласының жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 49/11 қаулысы

      Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 28 тамыздағы №41/01 "Шахтинск қаласының жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізілсін, қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Шахтинск қаласының аумағында орналасқан жалпы ауданы 100,3878 га жер учаскелеріне төсеу үшін 5 (бес) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін:

      "Шахтинск" АГБС-тен "Шахтинск" ГБП-ға дейінгі жоғары қысымды газ құбыры: ұзындығы 10,55 шақырым, құрылыс жолағының ені 28 м, ауданы 29,55 га;

      "Солтүстік-Батыс" ГБП, ауданы 0,007 га алаңдар;

      "Шахтинск" ГБП, ауданы 0,0150 га алаңдар;

      орташа қысымды тарату газ құбыры: ұзындығы 32,54 шақырым, құрылыс жолағының ені 4 м, ауданы 13,02 га;

      төмен қысымды тарату газ құбыры: ұзындығы 143,68 шақырым, құрылыс жолағының ені 4 м, ауданы 57,48 га;

      ауданы 0,022 га болатын 14 бірлік газ құбырын тарату шкафтық пункті;

      шкафты бөлу пункті-86 бірлік, ауданы 0,103 га;

      "Долинка" ГБП (газ тарату пункті) ауданы 0,0989 га кірме жолы;

      "Шахтинск" ГБП (газ тарату пункті) ауданы 0,0919 га кірме жолы".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары А.Е. Саттыбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі М. Кыдырганбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады