Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1)-тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Шахтинск қаласының аумағында орналасқан жалпы ауданы 100,3878 га жер учаскелеріне төсеу үшін 5 (бес) жыл мерзімге жария сервитутты белгіленсін:
"Шахтинск" АШБС-дан "Шахтинск" ГТН-ға дейінгі жоғары қысымды газ құбыры: ұзындығы 10,55 шақырым, құрылыс жолағының ені 28 м, ауданы 29,55 га;
ауданы 0,007 га "Северо-Западный" ГТН алаңы;
ауданы 0,0150 га "Шахтинск" ГТН алаңы;
орташа қысымды тарату газ құбыры: ұзындығы 32,54 шақырым, құрылыс жолағының ені 4 м, ауданы 13,02 га;
төмен қысымды тарату газ құбыры: ұзындығы 143,68 шақырым, құрылыс жолағының ені 4 м, ауданы 57,48 га;
газ құбырының тарату шкафының пункті-14 бірлік, ауданы 0,022 га;
шкаф бөлу пункті - 86 бірлік, ауданы 0,103 га;
ГТН - ге (газ тарату нүктесі) кіру жолы "Долинка" ауданы 0,0989 га;
ГТН - ге (газ тарату нүктесі) кіру жолы "Шахтинск" ауданы 0,0919 га.
2. "Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Мақшай) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары А. Е. Саттыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласының әкімі | М. Кыдырганбеков |