Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1)-тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Шахтинск қаласының аумағында орналасқан жалпы ауданы 100,3878 га жер учаскелеріне төсеу үшін 5 (бес) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін:
"Шахтинск" АГБС-тен "Шахтинск" ГБП-ға дейінгі жоғары қысымды газ құбыры: ұзындығы 10,55 шақырым, құрылыс жолағының ені 28 м, ауданы 29,55 га;
"Солтүстік-Батыс" ГБП, ауданы 0,007 га алаңдар;
"Шахтинск" ГБП, ауданы 0,0150 га алаңдар;
орташа қысымды тарату газ құбыры: ұзындығы 32,54 шақырым, құрылыс жолағының ені 4 м, ауданы 13,02 га;
төмен қысымды тарату газ құбыры: ұзындығы 143,68 шақырым, құрылыс жолағының ені 4 м, ауданы 57,48 га;
ауданы 0,022 га болатын 14 бірлік газ құбырын тарату шкафтық пункті;
шкафты бөлу пункті-86 бірлік, ауданы 0,103 га;
"Долинка" ГБП (газ тарату пункті) ауданы 0,0989 га кірме жолы;
"Шахтинск" ГБП (газ тарату пункті) ауданы 0,0919 га кірме жолы
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 20.10.2025 № 49/11 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. "Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Мақшай) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары А. Е. Саттыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шахтинск қаласының әкімі | М. Кыдырганбеков |