Саран қаласының жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 85/08 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1-тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Саран қаласының аумағында орналасқан жалпы алаңы 92,2000 га жер учаскелеріне мыналарды төсеу үшін:

      орташа қысымды тарату газ құбыры: ұзындығы 25,0 км, құрылыс жолағының ені 4 м, алаңы 10,0 га;

      төмен қысымды тарату газ құбыры: ұзындығы 205,0 км, құрылыс жолағының ені 4 м, алаңы 82,0 га;

      шкафты бөлу пункті - 97 бірлік, алаңы 0,200 га жер учаскесіне 5 (бес) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін;

      2. "Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Д.Б. Арнешовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы рның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі Д. Бұлқайыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады