Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 69/03 қаулысы

      "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 914-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып "Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тағайындалсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Саран қаласының әкімі Д. Бұлқайыр

  Саран қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "2" қыркүйек
№ 69/03 қаулысына
қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Ұйымдардың тізімі

1

Аумақты абаттандыру;
Аумақты тазалау және жинау;
Белгілі бір біліктілікті қажет етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар

"Ақтас поселкесі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

Аумақты абаттандыру;
Аумақты тазалау және жинау;
Белгілі бір біліктілікті қажет етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар

"Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады