"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 914-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып "Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тағайындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Саран қаласының әкімі | Д. Бұлқайыр |
Саран қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "2" қыркүйек № 69/03 қаулысына қосымша |