"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгілік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне" сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне қосымшаға сәйкес толықтырулар енгізілсін.
2. Саран қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 21/01 "Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ Ережесінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары жүктелсін.
Саран қаласының әкімі | Д. Бұлқайыр |
Саран қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 тамыз № 66/01 қаулысымен Бекітілген |
"Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мекеме) Саран қаласының аумағында мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мекеме мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі: 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 85А.
9. Мемлекеттік органның толық атауы :
мемлекеттік тілде - "Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта города Сарани".
10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мекеме қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Мекеменің миссиясы: мәдениет, тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және өз құзіретінің шегінде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып саналады.
14. Мекеменің міндеттері:
1) түрлі әлеуметтік жастағы топтардың қажеттіліктері мен мәдени қызығушылықтарын ескере отырып тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
2) тұрғындарға мәдени-шығармашылық қызмет, эстетикалық және көркемдік тәрбие беру үшін жағдай жасау;
3) қала тұрғындары үшін мәдениеттің қол жетімділігін қамтамасыз ету;
4) меншік түріне қарамастан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың мемлекеттік тіл саясатын жүргізу қызметін үйлестіру;
5) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
6) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
7) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
8) Әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу.
15. Функциялары:
1) мәдениет мекемелерінің мемлекеттік, ұлттық, кәсіптік және басқа да мерекелерді өткізудегі, мәдени-демалыс қызметін ұйымдастырудағы жұмыстарын үйлестіреді;
2) қазақ халқының және Қазақстан Республикасының басқа да халықтарының өнері мен мәдениетін, ұлттық салт – дәстүрлерін, фольклорын, қолөнер мен бейнелеу өнерін өркендету, сақтау, құру, тарату және әйгілеу, мәдени төлтума өнімдер мен қызметтердің нарығын қалыптастыру мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктердің үйлестіруші қызметін қамтамасыз етеді;
3) бүтіндей Қазақстан Республикасына жататын Қазақстан Республикасы халықтарының мәдени мұрасын сақтайды және мемлекеттік маңызы бар мәдени құндылықтарды жасайды, (немесе) пайымдайды және осыған сәйкес оны басқа мемлекеттерге беруге құқығы жоқ;
4) мәдениет мекемелерінің инфрақұрылымының дамуын және материалдық-техникалық базасының нығаюын, мәдени-сауық мекемелерінің құрылуын және қолданылуын қамтамасыз етеді;
5) Саран қаласының барлық тұрғындары үшін спорттық, мәдени-демалыс ісшараларының жалпыға бірдей қол жетімділігін қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттайды, дене тәрбиесі мен спорттың дамуына ықпал етеді;
6) Саран қаласының аумағында тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша, сондай–ақ, мекеме құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша өзара ынтымақтаса әрекет етеді;
7) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында тілдер туралы" Заңын, қаладағы көрнекі ақпараттарды қадағалау шараларын жүзеге асыру, рейд жұмыстарын ұйымдастыру;
7.1) "Тіл туралы" заңның 25 – 3 – бабы 1 – 1) тармақшасына сәйкес Саран қаласы мен Ақтас кентінде маңдайшаларды орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
7.2) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 75 – бабына сәйкес бөлім басшысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану құқығы беріледі;
7.3) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 729 – бабының 2 – 1 тармақшасына сәйкес бөлім басшысы мен бөлімнің тіл жөніндегі бас маманына осы Кодекстің 75 – бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану құқығы беріледі;
8) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау жөнінде шаралар қабылдау;
9) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар өткізу.
10) спорт түрлері бойынша құрама командаларды даярлау және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуы;
11) қала аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
12) қала аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімде қала аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинау, талдау және ұсыну;
14) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
15) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
16) мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін ұйымдастыру;
17) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Мекеменің құқықтары мен міндеттері:
1) ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан барлық мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың қала аумағында мәдениет пен тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты сақтауын үйлестіру;
2) қаржылық тәртіпті және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды сақтау;
3) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы бұзуға жол берген адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
4) жергілікті органдардан, мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдардан мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат сұрау;
5) заңнамаларға және осы Ережеге сәйкес белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға ұсыныстар енгізу;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің мәдениет және тілдерді дамыту салаларындағы ішкі және сыртқы саясаттарының негізгі бағыттарын іске асыру;
7) қала әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысу;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. Мекемеге басшылықты жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Мекеменің бірінші басшысын Саран қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мекеме бас мамандарының функционалдық міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;
2) мекеменің бас мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) заңнамалараға сәйкес мекеме қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) заңнамалармен белгіленген тәртіпте мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
5) мемлекеттік мекеменің қаржы және өкімдік құжаттарына қол қояды;
6) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда мекеменің өкілі болады;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға міндетті және бұл үшін дербес жауапкершілік жүктеледі;
8) заңнамаларға сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;
10) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
11) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
12) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;
13) шарттар жасайды;
14) банк шоттарын ашады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін. Мекеменің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ, мекеменің өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мекеменің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:
1) "Саран қаласының Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) "Саран қаласының спорт орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
3) "Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
4) "Саран қаласы әкімдігінің Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.