Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023жылғы 30 маусымдағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтарды қалыптастыру Ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" № 281 бұйрығына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Балқаш қаласы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
2. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Балқаш қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
| Балқаш қаласының әкімі | С. Сатаев |
| Балқаш қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "19" желтоқсан № 64/02 қаулысына қосымша |
Балқаш қаласы бойынша 2026 жылға арналған әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
№ | Қызмет түрлері | Күніне бір қызмет алушыға арналған тариф, теңге |
1 | Үйде қызмет көрсету | 2970-00 |
