Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, 2025 жылғы 19 тамыздағы жерге орналастыру жобасы негізінде "Eastern hemiesphere Resourse Recycling" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Eastern Hemiesphere Resourse Recycling" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жерасты су құбырын төсеу үшін Балқаш қаласы, Балқаш-4 станциясы мекенжайы бойынша орналасқан, ауданы 0,0750 гектар жер учаскесінде жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2028 жылғы 01 қарашаға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Eastern Hemiesphere Resourse Recycling" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша).
3. "Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Балқаш қаласының әкімі | С. Сатаев |
