Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 320 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген), Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1, 2-қосымшасына сәйкес Қарағанды қаласы бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесі анықталсын.

      2. "Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарағанды калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Бөкенов

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2025 жылғы "28" қарашадағы
XLV сессиясының № 320
шешіміне 1-қосымша

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      Қарыз сомасының 10%, алайда әрбір алушы үшін қарыз сомасына қарамастан 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2025 жылғы "28" қарашадағы
XLV сессиясының № 320
шешіміне 2-қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

      Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

      Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

      Қандастар;

      Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

      Толық емес отбасылар;

      Асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады