Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емделу кезінде қосымша беру туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6207 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Кобжанов |
Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 295 шешіміне қосымша |
|
Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы №34 шешіміне 1 қосымша |
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша берілетін амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар
1. Амбулаториялық емдеу кезінде диагноздармен (рецепт бойынша) қосымша тегін берілетін дәрілік заттар:
1) "Канакинумаб" дәрілік заты - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозында ;
2) "Тоцилизумаб" дәрілік заты - "Ювенильді склеродермия" диагнозында;
3) "Адалимумаб" дәрілік заты - "Ревматоидты артрит" диагнозында;
4) "Метилпреднизолон" дәрілік заты - "Жүйелік склеродерма" диагнозында;
5) "Азатиоприн" дәрілік заты - "Бехчет ауруы" диагнозында;
6) "Белимумаб" дәрілік заты - "Жүйелі қызыл жегі" диагнозында;
7) дәрілік зат - "Блекфан-Даймонд анемиясы" диагнозында;
8) дәрілік зат - "Өкпе артериялық гипертензиясы" диагнозында;
9) дәрілік зат- "Эпилепсия" диагнозында;
10) дәрілік зат - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозы кезінде;
11) дәрілік зат - "Бехтерев ауруы" диагнозында;
12) "Мацитентан" дәрілік заты - "Өкпе артериялық гипертензиясы" диагнозында;
13) "Кладрибин" дәрілік заты - "Шашыраңқы склероз" диагнозында;
14) "Секукинумаб", Гуселькумаб дәрілік заттары - "Псориаз" диагнозында;
15) "Этеплирсен", "Голодирсен", "Касимерсен" дәрілік заттары – "Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы" диагнозында;
16) "Секукинумаб" дәрілік заты - "Псориаздық артрит (псориаздық артропатия)" диагнозында;
17) "Ритуксимаб" дәрілік заты - "Оптикалық спектрдің невромиелит аурулары" диагнозында;
18) "Омализумаб" дәрілік заты - "Бронхиалды астма" диагнозында;
19) "Селуметиниб" дәрілік заты - "Нейрофиброматоз" диагнозында;
20) "Велаглюцераза альфа" дәрілік заты - "Болезнь Гоше" диагнозында.
2. Амбулаториялық емдеу кезінде медициналық бұйымдар келесі диагнозбен тегін:
медициналық бұйымдар (рецепт бойынша) "Буллезді эпидермолиз" диагнозы бар азаматтарға.