БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген) жаңа өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы";
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесінде:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомствосы болып табылады.";
3-тармақ жана редакцияда жазылсын:
"3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), мөрлері және атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.";
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, 3в т.е.б.";
9-тармақ алып тасталсын;
11 және 12-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Комитеттің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";
13-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;";
14 және 15-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті құқықтық актілерді қабылдау;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
сотқа жүгіну;
мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуге басқа ұйымдардың мамандарын тарту;
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру;
орталық және жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
Комитетке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және қарау;
реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;
заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
3) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
4) ведомствоның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
5) өз құзыреті шегінде рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;
6) Мыналарға:
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына;
энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына;
электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігіне;
техникалық пайдалану қағидалары мен еңбек қауіпсіздігі қағидаларын білуге тексеруден өтпеген жұмыскерлердің электр қондырғыларында жұмыс істеуіне жол бермеуге немесе шеттетуге;
энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайындауға және жүзеге асыруға мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
7) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қашықтықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тергеп-тексеру нысанында энергетикалық жабдықты, энергия өндіруші ұйымдарды (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдарды және жүйелік операторды пайдалану және техникалық жай-күйі бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, жоспардан тыс тексеру, профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
10) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде мыналарға:
Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ жылу энергетикасы объектілерін пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына;
жылу энергетикасы объектілерін және олардың құрамына кіретін ғимараттарды, үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына;
жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігіне, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігіне;
техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге тексеруден өтпеген жұмыскерлердің жұмыс істеуіне жол бермеуге немесе шеттетуге;
жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайындауға және жүзеге асыруға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
11) "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қашықтықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тергеп-тексеру нысанында жылу энергетикасы объектілерін, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілерді пайдалану және техникалық жай-күйі бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12) электр станцияларының, электр желілерінің, тұтынушылардың электр қондырғыларының энергетикалық жабдығының пайдаланылуына және техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілердің энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосылуын бақылауды жүзеге асырады;
14) жүйелік оператордың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабы 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
15) электр энергетикалық кәсіпорындардың күзгі-қысқы кезеңге объектілер мен жабдықтардың дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
16) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің жылу энергетикасы объектілерінің және олардың құрамына кіретін ғимараттардың, үй-жайлардың, құрылысжайлар мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
17) қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатқа сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін интернет-ресурста жүргізеді, орналастырады және жаңартады;
18) көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсініктемелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда ескертусіз немесе ескертулермен әзірлік паспортын береді, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптарды орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;
19) электр қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен техника қауіпсіздігі қағидаларын білуін біліктілік тексеруді жүзеге асырады;
20) электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өтпеген персоналды мерзімдері мен орындауға жауапты адамдарды көрсете отырып, сондай-ақ жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгідегі нұсқама береді;
21) негізгі жабдықтың тоқтауына, өрттерге, жарылыстарға, Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесін бірнеше бөлікке бөлуге, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге әкеп соққан электр станцияларының, электр желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;
22) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;
23) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жылу энергетикасы объектілері мен жылу желілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, өзектілендіруді және жариялауды қоса алғанда, жылу энергетикасының жай-күйіне тұрақты мониторингті жүзеге асырады;
24) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдықтарының тозу мониторингін жүзеге асырады;
25) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасына өзгерістерді бекітеді және енгізеді;
26) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды жібереді;
27) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей белгіленген тәртіппен табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өзінің қорытындысын жібереді;
28) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат жібереді;
29) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабы талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат жібереді;
30) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарауды, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеруді және электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдықтарының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеруді жүргізу кезінде сарапшыларды тартады;
31) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
32) өз құзыреті шегінде рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;
33) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен екінші санаттағы рұқсатты алу үшін өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлейді, келіседі;
34) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптарды әзірлейді;
35) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын әзірлейді;
36) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
37) электр энергетикасы және Жылу энергетикасы салаларында жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
38) энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидаларын әзірлейді;
39) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартын әзірлейді;
40) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді;
41) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылысжайларына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;
42) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді;
43) электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидаларын әзірлейді;
44) электр қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен техника қауіпсіздігі қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді;
45) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін және тексерулер жүргізу кестелерін әзірлейді;
46) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді;
47) шаң тәрізді отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді;
48) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылысжайларының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді;
49) электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді;
50) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді;
51) қашықтықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының нысанын әзірлейді;
52) жылдық тексерулер тізімінің нысанын және тексерулер тізімінің нысанын әзірлейді;
53) тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру нәтижелері туралы актінің, тексеруді ұзарту туралы актінің, тексеруді тоқтата тұру туралы актінің, тексеруді қайта бастау туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын әзірлейді;
54) жұмыстан тыс уақытта тексеруді жүргізу туралы бұйрықтың нысанын әзірлейді;
55) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысанын әзірлейді;
56) өндірістік бақылау туралы үлгілік ережені әзірлейді;
57) технологиялық бұзушылықтардың жіктеуішін әзірлейді;
58) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, оларға өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
59) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
60) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша іс-шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз етеді;
61) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
62) төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен шығын мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдайды;
63) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
64) Комитет әзірлеген және (немесе) қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге (оның ішінде Комитет жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша) қатысты құқықтық мониторингті жүргізеді;
65) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
66) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Операциялық жоспары мен даму жоспарына стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, ұсыныстарды әзірлеуге, іске асыруға қатысады;
67) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
68) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын талдау, бағалау және бақылау нәтижелері бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
69) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
70) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;
71) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
72) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ережеде:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже.";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларында бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме болып табылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) болып табылады.";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Департамент республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), мөрлері және атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.";
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғаның орналасқан жері: ______________________.";
9-тармақ алып тасталсын;
10, 11 және 12-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Осы ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";
13-тармақ алып тасталсын;
14-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) электр энергетикасын және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасын пайдалану салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;";
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Функциялары:
1) іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде Комитеттің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
2) электр станцияларының, электр желілерінің, тұтынушылардың электр қондырғыларының энергетикалық жабдығының пайдаланылуына және техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;
3) Мыналарға:
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына;
энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына;
электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігіне;
техникалық пайдалану қағидалары мен еңбек қауіпсіздігі қағидаларын білуге тексеруден өтпеген жұмыскерлердің электр қондырғыларында жұмыс істеуіне жол бермеуге немесе шеттетуге;
энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайындауға және жүзеге асыруға мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
4) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қашықтықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тергеп-тексеру нысанында энергетикалық жабдықты, энергия өндіруші ұйымдарды (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдарды және жүйелік операторды пайдалану және техникалық жай-күйі бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, жоспардан тыс тексеру, профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілердің энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосылуын бақылауды жүзеге асырады;
8) негізгі жабдықтың тоқтауына, өрттерге, жарылыстарға, Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесін бірнеше бөлікке бөлуге, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге әкеп соққан электр станцияларының, электр желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;
9) электр энергетикалық кәсіпорындардың күзгі-қысқы кезеңге объектілер мен жабдықтардың дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
10) көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсініктемелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда ескертусіз немесе ескертулермен әзірлік паспортын береді, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптарды орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;
11) электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өтпеген персоналды мерзімдері мен орындауға жауапты адамдарды көрсете отырып, сондай-ақ жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгідегі нұсқама береді;
12) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде мыналарға:
Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ жылу энергетикасы объектілерін пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына;
жылу энергетикасы объектілерін және олардың құрамына кіретін ғимараттарды, үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына;
жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігіне, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігіне;
техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге тексеруден өтпеген жұмыскерлердің жұмыс істеуіне жол бермеуге немесе шеттетуге;
жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайындауға және жүзеге асыруға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
13) "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қашықтықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тергеп-тексеру нысанында жылу энергетикасы объектілерін, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілерді пайдалану және техникалық жай-күйі бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;
15) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің жылу энергетикасы объектілерінің және олардың құрамына кіретін ғимараттардың, үй-жайлардың, құрылысжайлар мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
16) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жылу энергетикасы объектілері мен жылу желілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, өзектілендіруді және жариялауды қоса алғанда, жылу энергетикасының жай-күйіне тұрақты мониторингті жүзеге асырады;
17) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
19) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат жібереді;
20) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабы талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат жібереді;
21) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарауды, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеруді және электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдықтарының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеруді жүргізу кезінде сарапшыларды тартады;
22) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы салаларындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
23) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
24) жүйелік оператордың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабы 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
25) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жүйелік оператордың, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің басшыларын, өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамды біліктілік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне және құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес атқаратын лауазымына сәйкестігі бөлігінде тағайындауды және босатуды келіседі;
26) Комитетке табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді;
27) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есеп келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауды қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын Комитетке жібереді;
28) құжаттаманы басқаруды және архивтік құжаттарды ретке келтіруді жүзеге асырады;
29) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің актілерінде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық қолданысқа енген күннен бастап бір ай мерзімде Комитетті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш беруді;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Комитеттің аумақтық департаменттері заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық қолданысқа енген күннен бастап бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Әділет департаменттеріне олардың мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Е. Ақкенженов |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 11 тамыздағы № 310-н/қ бұйрығы қосымша |
Атауы өзгертілетін мемлекеттік мекемелер - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органдары
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаментіне;
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне;
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментіне;
4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне;
5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментіне;
6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдықдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментіне;
7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментіне;
8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне;
9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне;
10. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаментіне;
11. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментіне;
12. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіне;
13. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментіне;
14. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментіне;
15. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментіне;
16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне;
17. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментіне;
18. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаментіне;
19. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне;
20. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментіне.