Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін заттай нормалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 1025 бұйрығының күшi жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | М. Такиев |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы "12" тамыздағы № 441 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 02.04.2026 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Атауы | Әрбір заңды тұлғаға арналған арнайы автокөліктің заттай нормалары | Жүру лимиті айына 1 автомобильдің (километр) | |||
салықтық тексерулер үшін | кедендік бақылау үшін | |||||
жеңіл авто негізінде | жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіне | жеңіл авто негізінде | жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіне | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті | 3 | 0 | 3 | 0 | 2500 |
2. | Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері | 4 | 0 | 3* | 1 | 2500 |
3. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы | 0 | 0 | 2 | 1 | 2500 |
4. | Кеден бекеттері | 0 | 0 | 2 | 0 | 2500 |
5. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандандырылған мемлекеттік мекемелері | 0 | 0 | 2 | 1 | 2500 |
Ескертпе:
арнайы автокөлік – салық заңнамасының және кедендік реттеудің сақталуын, Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерімен шекара арқылы шетелдік тауарларды заңсыз әкелуді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, ЕАЭО елдерімен шекаралас аймақтарда көлік құралдарын тоқтату, кедендік бақылау және тексеру жүргізу құқығымен мобильді топтарды енгізуге арналған жеңіл не жүк автомобилі, автобус, шағын автобус;
жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспауы тиіс;
жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.
* – Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шектесетін өңірлердегі мемлекеттік кірістер департаменттері үшін мынадай қосымша заттай нормалар белгіленсін:
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 1 бірлік;
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 2 бірлік;
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 1 бірлік;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 1 бірлік;
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 3 бірлік;
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 2 бірлік;
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 2 бірлік;
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 2 бірлік;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 1 бірлік.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы "12" тамыздағы № 441 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 02.04.2026 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Үй-жайлардың атауы | Өлшем бірлігі | Үй-жайдың алаңы |
1 | 2 | 3 | 4 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы: | |||
1. | Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Атырау, Өскемен, Тараз, Орал, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Петропавл қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары | шаршы метр | 900 |
Степногорск, Қапшағай, Текелі, Жезқазған, Сарань, Теміртау, Шахтинск, Балхаш, Приозерск, Қаражал, Сәтпаев, Лисаковск, Рудный, Арқалық, Жаңаөзен, Арыс, Кентау, Түркістан, Ақсу, Екібастұз, Риддер, Курчатов, Семей қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары | шаршы метр | 200 | |
Қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары | шаршы метр | 500 | |
Аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары | шаршы метр | 100 | |
Мемлекеттік қазынашылық органдарына арналған ерекше үй-жайлар | |||
2. | Мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған зал: | ||
Аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармалары | шаршы метр | 30 | |
Қалалық мемлекеттік қазынашылық басқармалары | шаршы метр | 45 | |
Облыстар бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменттері | шаршы метр | 60 | |
Республикалық манызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменттері | шаршы метр | 90 | |
