Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Қ. Ысқақов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2025 жылғы 5 маусымдағы № 259-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де заңды тұлғаларға жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге және басқа да мiндеттердi орындауға тапсырыс беру.
2-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
3. Мемлекеттік тапсырманың құны тікелей және жанама шығыстардың сомасы негізге алына отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
Қ= ТШ+ЖШ, мұндағы:
Қ – мемлекеттік тапсырманың құны;
ТШ – тікелей шығыстар;
ЖШ – жанама шығыстар.
4. Мемлекеттік тапсырма құнына мынадай шығындар:
1) ықтимал залалдарға резервтер қалыптастыру;
2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;
3) демеушілік көмек енгізілмейді.
3-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындауға арналған шығындардың түрлері
5. Тікелей шығыстар мемлекеттік тапсырманы жүргізуге байланысты мынадай шығыстарды қамтиды:
1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды есепке ала отырып, өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар;
2) мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарларды);
3) корпорациялық табыс салығын және бейрезиденттердің қосылған құн салығын есепке ала отырып, отандық теле-, радио өніміне лицензиялық құқықтарды сатып алу;
4) корпорациялық табыс салығын және бейрезиденттердің қосылған құн салығын есепке ала отырып, шетелдік теле-, радио өніміне лицензиялық құқықтарды сатып алу;
5) авторлық және сабақтас құқықтар бойынша шығыстарды, техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету;
6) тауар-материалдық қорларды (оның ішінде, жанар-жағармай материалдарын, шаруашылық материалдарын, кеңсе керек-жарақтарын, декорацияларды, косметиканы, гримді, дәрі-дәрмектерді, оқу процесін жүзеге асыруға арналған материалдарды) сатып алу;
7) отандық сериалдарды шығару;
8) телевизиялық өнімдерді (аутсорсингтік жобаларды) сатып алу;
9) өз бағдарламаларын шығару;
10) ақпараттық қызметтер (оның ішінде шетелдік ақпараттық агенттіктердің қызметтері);
11) теле-, радиобағдарламалар сигналын тарату;
12) теле-, радио жабдықтарын жалға алу;
13) байланыс, интернет қызметтері, пошта қызметтері, смс-тарату, хостинг алаңы;
14) медиаорталықтың қызметтері;
15) жалға алу бойынша қызметтер, оның ішінде операциялық қызметтер;
16) веб-сайтты, веб-платформаларды әзірлеуге, доменді және хостингті жалға алуға және оларды техникалық сүйемелдеуге және техникалық қолдауға арналған шығыстар;
17) өндірістік персоналды даярлау және біліктілігін арттыру, форумдар мен конференцияларға қатысу;
18) мемлекеттік тапсырма шеңберіндегі іс-шараларды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметтеріне арналған шығыстар (оның ішінде аударма, сараптамалық, консультациялық, дизайнерлік, беттеу, медициналық, архивтік, типографиялық, ақпараттық қызметтер);
19) өндірістік үй-жайлардың коммуналдық қызметтері;
20) тікелей шығыстар бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
21) ақпараттық-талдамалық жүйелердің қызметтері;
22) мерзімді баспасөз басылымдарына және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарына (интернет басылымдар) жазылу қызметтері;
23) спутниктік, кабельдік және цифрлық телевидение қызметтері;
24) медиа өлшеулерді жүргізу жөніндегі қызметтер;
25) сақтандыру, оның ішінде: шетелдік іссапарлар кезінде өмірді, сахналық декорацияларды сақтандыру, мәдени құндылықтарды, оның ішінде музей заттарын және музей коллекцияларын сақтандыру;
26) білім беру-танымдық турлар (лагерлер);
27) өкілдік шығыстар;
28) мемлекеттік тапсырманы іске асыру үшін қажетті ақпараттық жүйелерді әзірлеу, оларды техникалық сүйемелдеу және техникалық қолдау;
29) материалдық емес активтерді сатып алу және (немесе) дайындау, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты шығыстар;
30) меншік иелерінен архив материалдарын сатып алу, көшірмесін жасау және архив деректеріне қол жеткізу қызметтеріне ақы төлеу;
31) көліктік және логистикалық қызметтер;
32) кітаптарды, журналдарды, жинақтарды, әдістемелік құралдарды басып шығару және таралымын көбейту, полиграфиялық қызметтер көрсету;
33) зияткерлік меншікке авторлық және лицензиялық құқықтарды сатып алу;
34) шетелде музей экспонаттары көрмелерін және тақырыптық көрсетілімдерді өткізу;
35) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, форумдар, лекторийлер, отырыстар, осындай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, білім беру курстарын, семинар-тренингтер, білім беру іс-шараларын, тікелей эфирлерді ұйымдастыру және өткізу;
36) әлеуметтік желілерде қоғамдық сұрау салуларды мониторингілеу және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік медиа мониторингісіне қол жеткізу бойынша көрсетілген қызметтер;
37) мемлекеттік тапсырманы іске асыру үшін қажетті әлеуметтік, талдамалық зерттеулер;
38) дубляждау, жазу, монтаждау, актерлерді тарту (дыбыс жолы), бейнемонтаждау, дыбыс жазу, қайта жазу бойынша көрсетілетін қызметтер;
39) аудио және бейнероликтерді, аудио және бейне контентті, бағдарламалар мен фильмдерді дайындау және ілгерілету;
40) жобаларды ақпараттық жария ету бойынша көрсетілген қызметтер;
41) дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін халықаралық сыйлық және құрмет медалін дайындау;
42) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін жарналар төлеу;
43) қойылымдарды, концерттік іс-шараларды, оның ішінде Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілетін концерттік іс- шараларды ұйымдастыру және өткізу;
44) тарих және мәдениет ескерткішін ғылыми-реставрациялау жұмыстары бойынша көрсетілетін қызметтер;
45) "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетілетін білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету;
46) интернаттың дарынды балаларын тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер, 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер;
47) театр-сахналық киімді, аяқ киімді және деректемелерді дайындау бойынша көрсетілетін қызметтер;
48) іс-шаралардың бейне контентін дайындау бойынша көрсетілетін қызметтер;
49) визалық қолдау көрсету бойынша көрсетілетін қызметтер.
6. Жанама шығыстар тікелей мемлекеттік тапсырманы іске асыруға жатқызуға болмайтын, өндірістік процеске байланысты емес шығыстардан басқа шығыстардың барлық басқа түрлерінің сомасын қамтиды.
Мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған жанама шығыстарға мыналар жатады:
1) әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар;
2) жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
3) коммуналдық қызметтер;
4) тауар-материалдық қорларды, материалдық емес активтерді сатып алу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты шығыстар;
5) жанар-жағармай материалдарын сатып алу;
6) әкімшілік-басқару персоналы үшін іссапар шығыстары;
7) банктік қызметтер;
8) пошталық және курьерлік қызметтер;
9) авторлық құқыққа, өртке қарсы және күзет қызметтеріне, еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына арналған шығыстар, нотариалдық қызметтер, тарифке енгізілген қызметтер;
10) негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді ағымдағы жөндеу және оларға қызмет көрсету (ғимараттар мен үй-жайларды, жабдықтарды, көлік және негізгі құралдарды күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтер);
11) аудиторлық шығыстар;
12) полиграфия қызметтері;
13) сақтандыру;
14) ақпараттық қызметтер;
15) порталдарды ілгерілету;
16) әкімшілік персоналды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, оқыту бойынша шығыстар;
17) спутниктік, кабельдік және цифрлық телевидение қызметтері;
18) консультациялық шығыстар;
19) мерзімді баспа басылымдарына және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарына (интернет басылымдарына) жазылу;
20) құжаттарды тігу/ғылыми-техникалық өңдеу және архив қызметтері;
21) тәуелсіз директорларға сыйақы беру, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша атқарушы органның, ішкі аудит қызметінің басшысына және корпоративтік хатшыға сыйлықақы беру;
22) заңды тұлғаның бизнес процестерінің сапа менеджменті жүйесін енгізу;
23) байланыс, интернет қызметтері, пошталық көрсетілетін қызметтер, смс-тарату, хостинг алаңы;
24) мүлікті бағалау.