Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оларды орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
Қ. Ысқақов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
бұйрығына 1-қосымша |
Телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Р/с | Телефон байланысы түрлерінің атауы | Пайдаланушылар |
1 | 2 | 3 |
---|---|---|
1 | Қазақстан Республикасы ішіндегі қалааралық телефон байланысы | мемлекеттік мекеменің басшысы, оның орынбасарлары; басшының қабылдау бөлмесі; құрылымдық бөлімшелердің басшылары |
2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен халықаралық телефон байланысы | мемлекеттік мекеменің басшысы, оның орынбасарлары |
3 | Алыс шет елдермен халықаралық телефон байланысы | мемлекеттік мекеменің басшысы |
4 | Қалалық нөмірлермен телефон байланысы | мемлекеттік мекеменің жұмыскерлері – (басшысы, оның орынбасарлары; басшылардың қабылдау бөлмесі; құрылымдық бөлімшелердің басшылары, бас бухгалтер, бас сарапшылар – бір-бір нөмірден, сарапшылар - екеуіне бір нөмір), өзге де жұмыскерлер |
Ескертпе:
Аталған телефон байланысының түрі стационарлық телефоннан мобильді байланыс желісіне шалынатын қоңырауды да қамтиды.
бұйрығына 2-қосымша |
Кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Р/с | Лауазымныңатауы | Жиһаздың атауы | Кеңсе жиһазының саны (1 бірлікке) |
1 | 2 | 3 | 4 |
---|---|---|---|
1 | Басшы | Басшының үстелі | 1 |
Қағазға арналған тумба | 1 | ||
Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба | 1 | ||
Келіссөздер жүргізуге арналған үстел | 1 | ||
Қағазға арналған шкаф | 2 | ||
Сырт киімге арналған шкаф | 1 | ||
Басшыға арналған кресло | 1 | ||
Келушілерге арналған кресло | 6 | ||
Басшының қабылдау бөлмесі | Үстел | 1 | |
Қағазға арналған тумба | 1 | ||
Қағазға арналған шкаф | 1 | ||
Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба | 1 | ||
Сырт киімге арналған шкаф | 1 | ||
Келушілерге арналған орындық | 4 | ||
Кресло | 1 | ||
2 | Басшының орынбасары | Үстел | 1 |
Қағазға арналған тумба | 1 | ||
Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба | 1 | ||
Қағазға арналған шкаф | 1 | ||
Сырт киімге арналған шкаф | 1 | ||
Кресло | 1 | ||
Келушілерге арналған кресло | 4 | ||
3 | Құрылымдық бөлімшенің басшысы | Үстел | 1 |
Қағазға арналған тумба | 1 | ||
Сырт киімге арналған шкаф | 1 (2 бірлікке) | ||
Қағазға арналған шкаф | 1 (2 бірлікке) | ||
Кресло | 1 | ||
Келушілерге арналған орындық | 1 | ||
Құжаттарға арналған стеллаждар | 1 (3 бірлікке) | ||
4 | Мемлекеттік мекеменің жұмыскері | Үстел | 1 |
Қағазға арналған тумба | 1 | ||
Қағазға арналған шкаф | 1 (2 бірлікке) | ||
Сырт киімге арналған шкаф | 1 (2 бірлікке) | ||
Құжаттарға арналған стеллаждар | 1 (3 бірлікке) | ||
Келушілерге арналған орындық | 1 | ||
Кресло | 1 |
Ескертпе:
Аталған заттай нормалар қосалқы үй-жайларға (келіссөз жүргізуге арналған үй-жайлар, конференц-залдар, вестибюль, дәліздер, архив) кеңсе жиһазын сатып алуға қолданылмайды, оларға кеңсе жиһазын сатып алу тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
бұйрығына 3-қосымша |
Орналастыру үшін алаңмен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Р/с | Үй-жайдың атауы | Өлшем бірлігі | Үй-жайдың ауданы |
1 | 2 | 3 | 4 |
---|---|---|---|
1 | Басшының кабинеті | шаршы метр (бұдан әрі – ш.м) | 25,0 |
Басшының қабылдау бөлмесі | ш.м | 10,0 | |
2 | Басшы орынбасарының кабинеті | ш.м | 20,0 |
3 | Жұмыскердің кабинеті | ш.м | 7,5 |
4 | Ортақ үй-жайлар (конференц-зал, архив, серверлік, қойма жабдықтары және басқалар) | ш.м | жиынтығының 25 %-ы |
5 | Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, желдеткіш камералары, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған үй-жайлар және басқалар) | ш.м | жиынтығының 20 %-ы |
Алматы қаласындағы Достық үйінің ғимараты | |||
1 | Құрылымдық бөлімше басшысының кабинеті | ш.м | 25,0 |
Құрылымдық бөлімше басшысының қабылдау бөлмесі | ш.м | 7,0 | |
2 | Жұмыскердің кабинеті | ш.м | 7,5 |
3 | Ортақ үй-жайлар (конференц-зал, кино залы, холл, қоймалар, тамақ ішетін зал, асүй, проектор бөлмесі) | ш.м | жиынтығының 25 %-ы |
4 | Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, жуатын бөлме, электр қалқаны, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған үй-жайлар, баспалдақ алаңы, тамбур) | ш.м | жиынтығының 20 %-ы |
Ескертпе:
Егер мемлекеттік мекемелердің ғимараттарындағы қызметтік үй-жайларды жоспарлау ерекшелігі осы аудандарды қысқартуға мүмкіндік бермейтін жағдайда, қызметтік алаңдардың заттай нормаларын асыруға жол беріледі.
бұйрығына 4-қосымша |
Қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Р/с № | Мемлекеттік мекеменің атауы | Лауазымның атауы | Автомобильдер саны | Қозғалтқыш көлемі, текше сантиметрмен алғанда (автобустардан басқа) | 1 автомобильдің бір айдағы жүруі (километр) | |
қызметтік (1 бірлік) | кезекші (оның ішінде автобустар) | |||||
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі | 1 | 3000-ден көп емес | 2600-ден көп емес |
Ескертпе:
Аталған заттай нормалардағы қызметтік автомобильдерге арналған жүру лимиті мемлекеттік мекеменің басшысын, мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарын қызметтік автокөлікпен жақын елдi мекендерге іссапарға жіберген жағдайлардағы жүруді қамтымайды.