Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/289 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70 бабы 3 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат Институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануды;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аппаратының Басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
А. Рахметуллин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 11-1-4/289 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары

Атауы

Функционалдық мақсаты

Арнайы көлік құралдарының пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер

Көліктердің шекті саны

Жедел

Қазақстанға ресми жұмыс сапарларымен немесе жол жүру сапарларымен келетін мемлекет басшыларының, үкіметтердің, Сыртқы істер министрлерінің сапарларын қамтамасыз ету;
Төтенше және өкілетті елшілерді қарсы алу және шығарып салу;
Дипломатиялық корпустың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі

3

      Ескертпе:

      арнайы көлік құралы-Қазақстанға ресми жұмыс сапарларымен немесе жол жүру сапарларымен келетін мемлекеттер басшыларының, үкіметтердің, Сыртқы істер министрлерінің сапарларын қамтамасыз етуге арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы; Төтенше және өкілетті елшілерді қарсы алу және шығарып салу; дипломатиялық корпустың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады